Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий»

Бұйрық · № 175/НҚ · қабылданған 20.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2020-no-365-ekb-167946/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий» Қолданыста Бұйрық ·№ 175/НҚ ·20.05.2022
20.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 175/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий»
Атауы (қаз.)
«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
175/НҚ
Қабылданған күні
20.05.2022
Көрсетілген редакция
20.05.2022 167946_575465.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028135
ЭКБ идентификаторы
167946
Редакция идентификаторы
167946_575465
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:49

0 «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ

бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21367 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 175/НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 365/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық
гранттар беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) алдын ала ұсыныс – өтінім берушінің конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін инновацияларды даму саласындағы ұлттық даму институтына жіберетін ұсынысы;

2 2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған инновациялық қызмет субъектісі;

3

3) гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) – құрамына қоғамдық ұйымдар мен тиісті салалар өкілдерінің тақ саны кіретін (келісу бойынша), осы Қағидаларда белгіленген өтінімдердің сараптамалары мен инновациялық гранттарды беру шарттарын ескере отырып, өтінім берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін инновациялық даму саласындағы ұлттық институт шеңберінде құрылған тәуелсіз сарапшылар (отандық және (немесе) шетелдік) кіретін алқалы орган;

4 4) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру өлшемшарттары – өтінім берушінің жобасын бағалау белгілері;

5 5) инновациялық грант – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаттары;

6 6) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму процестерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;

7

7) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8 8) Кеңестің шешімі – Кеңес мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген және инновациялық грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім;

9 9) өтінім – ұлттық институтқа жіберілетін алдын ала және толық ұсыныстар;

10 10) өтінім беруші – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға өтінімді қарауға ұсынған инновациялық қызмет субъектісі;

11 11) технология – белгілі бір өнімді өндіру мен шығаруды, оның ішінде тауарларды өндіру мен шығаруды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың жиынтығы;

12 12) технологияларды коммерцияландыру – оң экономикалық тиімділік алуға бағытталған, жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолданумен байланысты қызмет;

13 13) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – ұлттық институт және көрсетілетін қызметті алушы арасында инновациялық грант беруге жасалған шарт;

14 14) толық ұсыныс – өтінім берушінің конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін ұлттық институтқа жіберетін ұсынысы.

15 15) ұлттық институттың өтінімдерді электронды қабылдау және сүйемелдеу бойынша автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – портал) – бұл инновациялық гранттарды алуға берілетін өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу бойынша автоматтандырылған жүйе;

3 3. Грант технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізу үшін беріледі.

4 4. Инновациялық гранттарды беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және ұлттық институт жүзеге асырады.

5 5. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттар беруді уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттар беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.

6 6. Қаржы жылының соңына есептелетін ұлттық институттың ағымдағы шотындағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады.

7 7. Ұлттық институттың инновациялық гранттар беру жөніндегі қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

2 2-тарау. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру тәртібі

8

8. Ұлттық институт инновациялық гранттарды алуға арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында порталдың сілтемесін және өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 30 (отыз) жұмыс күн ішінде уәкілетті органмен келісілген өтінімдерді қабылдау кестесін көрсете отырып орналастырады.
Уәкілетті органның келісімі бойынша инновациялық гранттар берудің басым бағыттары жөнінде инновациялық гранттар беруге өтінімдер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 339/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21265 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қабылданады.

9 9. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші портал арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

1-кезеңде:

1 1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс;

2-кезеңде:

1 1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға арналған толық ұсыныс;

2 2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар;

3 3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар жобасы;

4 4) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша шығындар талдамасы бар шығыстар сметасының жобасы;

5 5) заңды тұлғалар үшін – жарғының көшірмесі (үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру кезінде – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама;

6 6) мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

7 7) жабдықты жеткізуге арналған алдын ала шарттардың және (немесе) келісімдердің, оның ішінде лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);

8 8) жабдықтарды тасымалдау (жеткізу) шарттарының көшірмелері (бар болса);

9

9) бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардан басқа, талап етілетін мамандар көрсетілетін бағдарламалық өнімді әзірлеуге арналған техникалық ерекшелік, олардың жұмыс түрлерін, көлемдерін, мерзімдерін сипаттай отырып және ақы төлей отырып, мамандандыру бөлінісінде олардың саны (бағдарламалық өнімді әзірлеген жағдайда);

10 10) жоба командасының әрбір мүшесінің дипломдарының немесе сертификаттарының немесе басқа құжаттарының көшірмелері (бар болса);

11 11) жобаның Excel форматындағы қаржылық моделі;

12 12) акселерациялық және бизнес-инкубациялық бағдарламаның аяқталғанын растайтын құжат.

Шарт жасасу үшін – жоғары тұрған органның инновациялық грант беруге шарт жасасу туралы шешімі, басшының және (немесе) уәкілетті тұлғаның инновациялық грант алуға байланысты құжаттарға қол қою өкілеттігін беру туралы шешімі.

10 10. Өтінім берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде порталдағы «жеке кабинетте» сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ нәтижені алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

11 11. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың және олардағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

12 12. Өтінімді қараудың және инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдаудың жалпы мерзімі оны ұлттық институтта тіркелген күнінен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспайтын уақытты құрайды.

13 13. Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарау, сондай-ақ инновациялық грант беру туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институт Кеңес құрады. Кеңестің қызметін ұйымдастыру, оның мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу және оның құрамы ұлттық институттың ішкі нормативтік актісімен реттеледі.

14 14. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1 1) Ұлттық институт 1 (бір) жұмыс күні ішінде алдын ала ұсынысты тіркейді және оны Кеңестің қарауына жібереді.

Кеңес 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың алдын-ала ұсынысын қарайды және мынадай өлшемшарттар:
инновациялылық;
ауқымдылығы;
экспортқа бағдарлануы;
жоба командасының құрамы және біліктілігі;
жобаның коммерциялық әлеуеті бойынша іріктеуді жүзеге асырады.
Алдын ала ұсыныстарды тыңдау қорытындысы бойынша Кеңес конкурстың екінші кезеңіне өтінім берушілерді жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;

2 2) Ұлттық институт Кеңес шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде іріктеуден өткен өтінім берушіге портал арқылы рұқсат беру немесе екінші кезеңге жіберуден бас тарту туралы қабылданған шешім туралы тиісті хабарлама жібереді.

Өтінімді қарау мерзімі өтінім берушіге екінші кезеңге жіберу туралы шешім туралы хабарлама жіберілген кезден бастап тоқтатыла тұрады;

3 3) іріктеуден өткен өтінім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық институтқа толық ұсыныс жібереді.

Өтінім беруші 14-тармақтың 3) тамақшасының бірінші бөлімінде көрсетілген мерзімде толық ұсынысты ұсынбаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді одан әрі қараудан бас тартады.

4 4) Ұлттық институт 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығына және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеріп, толық ұсыныстарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады.

Ұлттық институт Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабына сәйкес коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.
Тексеру нәтижелері бойынша ұлттық институт өтінім берушіге портал арқылы анықталған ескертулер (бар болса) туралы хабарлама жібереді. Құжаттардың толық пакетін ұсынбау және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі қайта қарау үшін толық ұсынысты кері қайтаруға негіз болып табылады.
Өтінім беруші хабарламада көрсетілген ескертулерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды. Өтінім берушінің ескертулерді жоюы кезінде өтінімдерді қарау мерзімі өтінім берушіге анықталған ескертулер туралы хабарлама жіберілген күннен бастап тоқтатылды.
Өтінім беруші көрсетілген мерзімдерде ескертулерді жоймаған жағдайда ұлттық институт өтінімді одан әрі қараудан бас тартады;

5 5) Ұлттық институт өтінім берушінің пысықталған құжаттарының пакетін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайта тексереді (өтінім берушіге анықталған ескертулер туралы хабарлама жіберілген жағдайда);

6 6) Ұлттық институт толық ұсынысты тексергеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде толық ұсынысқа технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізеді.

Сараптаманы өткізу тәртібі ұлттық институттың ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.
Ұлттық институтта сарапшылар болмаған жағдайда, сараптама жүргізу үшін сыртқы отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар тартылады.
Ұлттық институт сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.
Сараптама мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
технологиялық сараптама іс-шаралардың технологиялық іске асырылуы мен жеткіліктілігін талдау, аналогтармен салыстыру бойынша артықшылықтарды анықтау, жұмыстарды мәлімделген мерзімдер (кезеңдер) бойынша бөлу, жұмыстардың көлемі мен мазмұны және оларды орындау мерзімдері, жобаны іске асыру тәуекелдері, жоба командасының біліктілігін бағалау мақсатында жүргізіледі;
қаржы-экономикалық сараптама жобаны іске асырудың экономикалық орындылығын және қаржы-экономикалық моделін бағалау мақсатында жүргізіледі;
құқықтық сараптама ұсынылған құжаттардың мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау, жобаны іске асырудың құқықтық тәуекелдерін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамалар жобалар бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
Өтінімдерге жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды қалыптастырылады және Кеңеске жолданады;

7 7) сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кеңестің отырысы өткізіледі.

Кеңес отырыстарына өтінім беруші өзінің жобасын бетпе-бет немесе аудио және бейне тіркеуі бар телекоммуникациялар құралдары арқылы таныстыру үшін шақырылады.
Қарау нәтижелері бойынша Кеңес өтінім берушіге инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

8 8) Ұлттық институт Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушілерге портал арқылы Шартқа қол қоюдың қажеттілігі туралы хабардар етеді немесе инновациялық грант беруден бас тартуды жібереді.

Шартқа ұлттық институт немесе оның шарт жасауға уәкілетті өкілі және ұлттық институттың орналасқан орнында өтінім беруші қол қояды.
Шарт сараптама қорытындылары мен Кеңестің ұсынымдары ескеріле отырып, ұлттық институт айқындайтын нысан бойынша тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады.

15 15. Жобаларды бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

1 1) бірлесіп қаржыландыру деңгейі;

2 2) жоба командасы (жоба командасы мүшелерінің біліктілігін растайтын құжаттар, оның ішінде дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері);

3 3) өнімнің артықшылықтары:

әлеуетті қолдану үшін нарықтың ауқымдылығы мен мөлшері;
технологияның дайындық деңгейі;
инновациялық және бәсекеге қабілеттілік;
тапсырыс берушілер мен инвесторлардың болуы;
шығындардың негізділігі (сатып алынатын қызметтердің, материалдардың, жинақтауыштардың және жабдықтардың әрқайсысы бойынша кемінде үш коммерциялық ұсыныс негізінде);

4 4) экономикалық қайтарым:

ықтимал экономикалық нәтиже (бизнес-жоспар мен қаржылық үлгі негізінде).

16 16. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық гранттар берілген инновациялық жобалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуді талдау мақсатында ұлттық институттың актісімен реттелетін берілген инновациялық гранттар мен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

17 17. Шартта жобаны гранттан кейінгі мониторингілеу мақсатында жобаны аяқтау туралы ұлттық институт шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жыл бойы грант алушының жоба туралы ақпаратты ұлттық институтқа ұсынуы көзделеді.

3 3-тарау. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру шарттары

18 18. Инновациялық грант жобаны іске асырудың мынадай кезеңдерінде іс-шараларды бірлесіп қаржыландыру шартымен беріледі:

1 1) өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;

2 2) өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру).

19 19. Инновациялық гранттың жалпы сомасы кезеңдер бойынша бөлінген 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден аспайды:

1 1) «Өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» кезеңінде 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайды және негізделген шығындардың мынадай баптарының 90 (тоқсан) пайызына дейін өтейді:

жоба командасы мүшелерінің жалақысы (салықтарды, алымдарды және басқа да оған байланысты міндетті төлемдерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерін немесе 6 000 000 (алты миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындаған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты басқа жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
іссапар шығыстары (шетелдіктерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын немесе 2 000 000 (екі миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
кеңсе үй-жайларын оның ішінде өнімді жетілдіру үшін жалға алу;
апробация және тестілік сатылым мақсатында өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау (жетілдіру) үшін қажетті материалдарды, жиынтықтауыштар мен жабдықтарды сатып алу;

2 2) «Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде 80 000 000 (сексен миллион) теңгеден аспайды және негізделген шығындардың мынадай баптарының 90 (тоқсан) пайызына дейін өтейді:

жоба командасы мүшелерінің жалақысы (салықтарды, алымдарды және басқа да оған байланысты міндетті төлемдерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын немесе 24 000 000 (жиырма төрт миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындаған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты басқа жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
іссапар шығыстары (шетелдіктерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын немесе 8 000 000 (сегіз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау үшін қажетті лицензияларды, жабдықтарды сатып алу;
өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау үшін қажетті материалдар мен жиынтықтауыштарды сатып алу;
кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалға алу;
кезеңдік қаражат сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын маркетингтік шығыстар (өнімді немесе көрсетілетін қызметті ілгерілету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу).

20 20. Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаумен бірінші кезеңді аяқтау екінші кезең конкурсына қатысудың міндетті шарты болып табылады.

21 21. Екінші кезеңге инновациялық грант беру конкурсы ұлттық институтпен жүргізгілген мониторинг нәтижелері бойынша бірінші кезеңді сәтті жүзеге асырған кемінде 10 (он) жоба болған жағдайда жарияланады. Кеңес жобаны іске асырудың екінші кезеңіне инновациялық грантты ұсыну туралы шешім қабылдайды.

22 22. Өтінім берушіге мынадай өлшемшарттар белгіленеді:

Жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жобаны іске асыру бойынша шараларды бірлесіп қаржыландыру үшін меншікті қаражаттар болуы тиіс.

1 1) Бірінші кезеңде:

инкубациялық және (немесе) акселерациялық бағдарламаны аяқтау;
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аяқталған нәтижелерінің болуы, не өнімнің, не бастапқы құрылымның экспериментальдық тәжірибелік үлгісінің (MVP) болуы;
маркетингтік зерттеулерде тәжірибесі бар коммерцияландыру жөніндегі маманды қоса алғанда, 5 (бес) адамнан аспайтын білікті мамандардан тұратын команданың болуы (гранттар есебінен бірлесіп қаржыландыру үшін);
шағын кәсіпкерлік субъектісі.

2 2) екінші кезеңде:

өндіруге және (немесе) сатуға дайын өнімнің болуы;
өнімді жылжытудың маркетингтік жоспарының болуы;
екінші кезеңнің грант сомасының кемінде 30 (отыз) пайызы мөлшерінде инвестициялар тарту;
бизнесте жұмыста тәжірибесі бар коммерцияландыру жөніндегі маманды, жоба бойынша кәсіби мамандарды қоса алғанда 7 (жеті) адамнан аспайтын команданың болуы (гранттар есебінен бірлесіп қаржыландыру үшін).
Ұлттық институт өтінім беруші жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінімді қараудан бас тартады.

23 23. Өтінім берушілер өздеріне мынадай міндеттемелер алады:

жобаны іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша:
маркетингтік жоспарды, өнімді жылжыту және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;
тестілік сатылымдарды жүзеге асыру;
жобаны іске асырудың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша:
коммерцияландыру стратегиясына сәйкес бірақ инновациялық грант сомасының 10 (он) пайызынан кем емес сатылған өнім көлеміне жету;

24 24. Егер инновациялық жобаға бұрын мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілсе, инновациялық гранттар беруге жол берілмейді.

Осындай фактілер анықталған және расталған жағдайда, ұлттық институт жобаны іске асырудың кез келген кезеңінде шартты бұзады, бұл ретте грант алушы алынған гранттың толық сомасын ұлттық институттың есеп шотына қайтарады.

25

25. Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін грант алушының жобаны іске асыруға байланысты емес шығыс операцияларын жасау құқығынсыз оларды депозитке салу шартымен жобаны іске асыруға арналған қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте эскроу-шот режимінде жеке ағымдағы шот ашады.
Эскроу-шот режимінде ағымдағы шот ашу туралы шартқа грант алушы, ұлттық институт және Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк арасында қол қойылады.

26 26. Бизнес әріптес немесе инвестор тарапынан бірлесіп қаржыландыруға ақшалай қаражаттың болуын растайтын құжаттарды не гранттық қаражатты алған жағдайда бірлесіп қаржыландыру сомасын енгізуге дайын екендігі туралы бизнес әріптестің немесе инвестордың кепілдік хатын ұсынған жағдайда жол беріледі.

27 27. Грант аясында бөлінген қаражат өтінімде көрсетілген мақсаттарға жіберіледі.

28 28. Шартқа қол қойылғаннан кейін грант алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде шарт талаптарына сәйкес мөлшерде жобаны бірлесіп қаржыландыру үшін қаражаттарды эскроу-шот режимінде ағымдағы шотқа аударады.

Ұлттық институт грант алушыдан екінші деңгейдегі банкте ашылған эскроу-шотқа ақша қаражаты түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірінші кезеңнің грант қаражатын аударуды жүргізеді.
Келесі транштар (бөліктер) ұлттық институт жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аударылады.
Аударымның екінші кезеңінде инновациялық грантты грант алушыға аударым жасалған шарт талаптарына сәйкес бірінші траншты қоспағанда, ұлттық институт жүргізген есепті кезеңде грант алушының жүзеге асырған шаралары мен жұмсалған шығындарын мониторингілеу және талдау нәтижелері бойынша транштар (бөліктер) кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Инновациялық грантты ұлттық институт кем дегенде екі траншпен (бөлікпен) аударады.
Бұл жағдайда әр транштың (бөліктердің) сомасы инновациялық гранттың мақұлданған көлемінің елу пайызынан аспайды.

29 29. Инновациялық грантты игеру мерзімі бірінші кезеңде 6 (алты) айдан, екінші кезеңде 18 (он сегіз) айдан аспайды.

1.1 Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алуға алдын ала ұсыныс

Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық грантты алуға алдын ала ұсыныс
Барлық жолдарды толтыру міндетті:
Же­ке тұл­ға­ның Те­гі, Аты, Әке­сі­нің аты (же­ке кә­сіп­кер) / заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Өті­нім бе­рі­л­ген жо­ба бой­ын­ша ин­ку­ба­ци­я­ны неме­се ак­се­ле­ра­ци­я­ны қай жер­де өт­кіз­ге­ні­ң­із­ді көр­се­ті­ңіз (өт­кі­зу ор­ны, та­қы­ры­бы, ке­зе­ңі)
Жо­ба­ның ата­уы:
Сіз­дің жо­ба­ңыз ин­но­ва­ци­я­ның қай тү­ріне жа­та­ты­нын көр­се­ті­ңіз (тех­но­ло­ги­я­лық, әле­умет­тік, өнім­ді ұй­ым­да­сты­ру, мар­ке­тинг­тік және бас­қа)
Жо­ба ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар бе­ру­дің ба­сым ба­ғы­ты­на жа­та­ды (бір ға­на ба­сым ба­ғыт­ты көр­се­ту ке­рек):
Эко­но­ми­ка­ның және қо­ғам­ның тір­ші­лік әре­ке­ті са­ла­ла­рын­да қол­да­ны­ла­тын жо­ға­ры өнім­ді тех­но­ло­ги­я­лар:
4.0 ин­ду­стрия эле­мент­те­рін қо­са ал­ған­да, ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
Жа­ңа ма­те­ри­ал­дар, ад­ди­тив­ті тех­но­ло­ги­я­лар, на­но­тех­но­ло­ги­я­лар
Био­тех­но­ло­гия, ме­ди­ци­на мен ден­са­улық сақ­та­уда­ғы жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар
Өң­деу өнер­к­ә­сі­бін­де­гі жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар
Ға­ры­штық тех­но­ло­ги­я­лар
Эко­ло­ги­я­лық та­за тех­но­ло­ги­я­лар, энер­гия ти­ім­ді­лі­гі, энер­гия үнем­деу және ба­ла­ма­лы энер­ге­ти­ка
Жа­ңа қар­жы­лық тех­но­ло­ги­я­лар
Элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп
Ро­бо­то­тех­ни­ка
Стар­тап­ты іс­ке асы­ру­да тө­мен­де көр­се­ті­л­ген тех­но­ло­ги­я­лар­дың кез кел­ге­нін
пай­да­ла­на­сыз ба?
Big Data (Үл­кен де­ректер)
AI (Жа­сан­ды ин­тел­лект)
ML (Ма­ши­на­лық оқы­ту)
AR/VR (Ке­ңей­ті­л­ген және вир­ту­ал­ды шын­дық)
Блок­чейн
Ро­бот­тар мен дрон­дар
IoT (Заттар ин­тер­не­ті)
M2M (Ма­ши­на­ара­лық өза­ра әре­кет­те­су)
Қол­да­ныл­май­ды
Өті­нім бе­ру­ші­нің ме­кен­жайы (ин­дек­сі, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні, кө­ше­сі, үйі, пәте­рі)
Те­ле­фон
Ұя­лы
Элек­трон­дық по­шта:
Ре­сми сай­ты:
Жо­ба ту­ра­лы қы­сқа­ша ақ­па­рат (500 сим­вол­дан ар­тық емес):
Жо­ба­ның мақ­са­ты (ше­ші­ле­тін мә­се­ле):
Жо­ба­ның мін­дет­те­рі:
Ұсы­ны­л­ған өнім­нің ин­но­ва­ци­я­лы­ғы қан­дай?
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны:
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру мер­зі­мі:
MVP/MSP бо­луы (өнім­ге, фо­то­су­рет­ке, бей­не­ге неме­се бас­қа ма­те­ри­ал­дар­ға сі­л­те­ме­лер)
Жо­ба­ның дай­ын­дық дә­ре­же­сі (негіз­гі орын­дал­ған іс-ша­ра­лар ті­зі­мі):
Жо­ба ко­ман­да­сы­ның си­патта­ма­сы (ко­ман­да мү­ше­ле­рі­нің са­ны және бі­лік­ті­лі­гі):
Өнім­ді пай­да­ла­на­тын тұ­ты­ну­шы­лар бар ма?
Құ­ры­ла­тын өнім­ді са­ту­дың ком­мер­ци­я­лық әле­уе­ті:
Жо­ба­ның тәу­е­кел­де­рі:
Қа­зір­гі бар және әле­ует­ті бә­се­ке­ле­стер:
Бә­се­ке­ле­стік ар­тық­шы­лы­ғы:
Мас­шта­б­тау, экс­порт­қа шы­ғу бой­ын­ша қан­дай жос­пар­лар бар?
Кү­ті­л­ген нәти­же­лер (на­ту­рал­ды және ақ­ша­лай түр­де):
Бұл жо­ба бас­қа көз­дер­ден қар­жы­лан­ды­рыл­ды ма:
Ия
Жоқ
Егер «иә» бол­са, он­да бағ­дар­ла­ма­ның ата­уын, жо­ба­сын және алын­ған қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сын қан­дай кө­лем­де көр­се­ту қа­жет
Ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар ту­ра­лы қан­дай де­реккөз­дер­ден біл­ді­ңіз?
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің сай­ты
ұлт­тық ин­сти­тут­тың сай­ты
ұлт­тық ин­сти­тут­тың та­ра­туы
ұлт­тық ин­сти­тут­тың се­ми­нар­ла­ры, кон­фе­рен­ци­я­ла­ры
әле­умет­тік же­лі­лер
бас­қа _____________________________________
теңге
Жо­ба­ның биз­нес-құ­ры­лы­мы (еxcel фор­ма­тын­да)
Жо­ба са­ты­сы­ның ата­уы
Өнім­ді/та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу және (неме­се) жұ­мыстар­ды/қыз­мет­тер­ді көр­се­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар
жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы*
үшін­ші тұ­лға­лар және/неме­се бір­ле­сіп орын­да­у­шы­лар орын­дай­тын өзге де жұ­мыстар­ға және (неме­се) қыз­мет­тер­ге ақы тө­леу
кең­се және (неме­се) өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­ды жал­дау
жаб­дық­тар­ды са­тып алу
ли­цен­зи­я­лар­ды са­тып алу
ма­те­ри­ал­дар мен жи­нақ­та­уы­штар­ды са­тып алу
іс­са­пар шы­ғын­да­ры
мар­ке­тинг шы­ғын­да­ры
шы­ғы­стар­дың жал­пы со­ма­сы
бір­лі­гіне ба­ға­сы/та­риф (өзінд. құн+мар­жа)
Өнім­ді/та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу және (неме­се) жұ­мыстар­ды/қыз­мет­тер­ді көр­се­ту кө­ле­мі, сан­дық мән­де жо­ба­ның ерекше­лі­гіне бай­ла­ны­сты өл­шем бір­лі­гін көр­се­ту ________________
Өнім­ді/та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу және (неме­се) жұ­мыстар­ды/қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­дің кі­рі­сте­рі са­уда цик­л­де­рі мен мау­сым­дық са­ты­лым­дар­ды ес­ке­ру қа­жет
Қар­жы­лық нәти­же, пай­да (+) / шы­ғын (-)
1-ке­зең: өнім­ді же­тіл­ді­ру және ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту­ды қо­са ал­ған­да, комм­мер­ци­я­лан­ды­ру стра­те­ги­я­сын әзір­леу (6 ай­дан ар­тық емес)
Бар­лы­ғы 1- ке­зең­ге:
1
2
3
2-ке­зең: өнім өн­ді­рі­сін іс­ке қо­су (ен­гі­зу және сүй­е­мел­деу) және оны на­рық­та іс­ке асы­ру (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру) (18 ай­дан ар­тық емес)
Бар­лы­ғы 2- ке­зең­ге:
1
2
3
* Жалақы кестесінен алынған мәліметтер.
теңге
Жо­ба ко­ман­да­сы*
1
2
3
4
5
6
7
Жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы
Жа­ла­қы­дан алы­на­тын са­лық­тар, алым­дар және бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер
Жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы, оның ішін­де са­лық­тар, алым­дар және оны­мен бай­ла­ны­сты бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер
ма­ман­дық­тың / ла­у­а­зым­ның ата­уы
Әле­умет­тік са­лық
Әле­умет­тік ауда­рым­дар
Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
жа­ла­қы
(ӘС)
(ӘА)
(МӘМС)
қа­ты­су, % жұ­мыспен қам­ты­лу
Мөл­шер­ле­ме­сі, %
жұ­мыспен қам­ты­лу % ес­ке­рі­л­ген жа­ла­қы
1-ке­зең: өнім­ді же­тіл­ді­ру және ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту­ды қо­са ал­ған­да, комм­мер­ци­я­лан­ды­ру стра­те­ги­я­сын әзір­леу
1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5 ай
6 ай
2-ке­зең: өнім өн­ді­рі­сін іс­ке қо­су (ен­гі­зу және сүй­е­мел­деу) және оны на­рық­та іс­ке асы­ру (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру)
1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5 ай
6 ай
7 ай
8 ай
9 ай
10 ай
11 ай
12 ай
13 ай
14 ай
15 ай
16 ай
17 ай
18 ай
Жо­ба бой­ын­ша ЖИЫ­НЫ:
* 1-кезең: 5 (бес) білікті маманнан аспайтын жоба командасы,
2-кезең: 7 (жеті) білікті маманнан аспайтын жоба командасы.
** порталға жалақы деңгейін растайтын құжаттар (статистикалық деректер, скриншоттар және ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған ұсыныстар орналастырылған интернет ресурстарға сілтемелер) қоса беріледі.

1.2 Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға толық ұсыныс

Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру қағидаларына
2-қосымша
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға толық ұсыныс
Барлық жолдарды толтыру міндетті:
Же­ке тұл­ға­ның Те­гі, аты, әке­сі­нің аты / заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Жо­ба­ның ата­уы:
Ин­но­ва­ци­я­лық грант­тың сұ­ра­ла­тын со­ма­сы, тең­ге­мен (цифр­мен және жа­з­ба­ша):
Жо­ба­ның то­лық құ­ны, тең­ге­мен (цифр­мен және жа­з­ба­ша):
Өті­нім бе­ру­ші ту­ра­лы ақ­па­рат
Ұй­ым­ның ата­уы:
Құ­ры­л­ған кү­ні:
Тір­кеу де­ректе­рі:
Өті­нім бе­ру­ші­нің ме­кен­жайы (ин­декс, об­лыс, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше, үй, пәтер)
Банк­тік де­ректе­ме­лер, есеп ай­ы­ры­су шо­ты, ва­лю­та­лық шот, банк­тік же­ке код:
Алын­ған және өтел­ме­ген тең­ге­лік және ва­лю­та­лық кре­дит­тер:
Те­ле­фон
Жұ­мыс
Ұя­лы
Элек­трон­дық по­шта
Ре­сми сайт
Жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер­дің нақ­ты са­ны, оның ішін­де:
ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер
әкім­ші­лік-бас­қа­ру пер­со­на­лы
Бас­қа­лар
Құ­ры­л­тай­шы­лар
(қа­ты­су үле­сін көр­се­те оты­рып (болған жағ­дай­да):
Бі­рін­ші бас­шы ту­ра­лы ақ­па­рат:
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Те­ле­фон
Жұ­мыс
Ұя­лы
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
Ла­у­а­зы­мы
Бай­ла­ныс ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс тұл­ға­сы
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Те­ле­фон
Жұ­мыс
Ұя­лы
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
Ла­у­а­зы­мы
Бай­ла­ныс ме­кен­жайы
Жо­ба ту­ра­лы ақ­па­рат
Жо­ба­ның мақ­са­ты:
Жо­ба­ның мін­дет­те­рі:
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Өт­кі­зу на­ры­ғы (ел, өңір)
Жо­ба дай­ынды­ғы­ның дең­гейі
Осы жо­ба бас­қа көз­дер­ден қар­жы­лан­ды­рыл­ды ма:
Ия
Жоқ
Егер «иә» бол­са, он­да қан­дай кө­лем­де, бағ­дар­ла­ма­ның ата­уын, жо­ба­ны және алын­ған қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сын көр­се­ту қа­жет)
Егер «иә» бол­са, он­да жо­ба­ның қан­дай нақ­ты мақ­са­ты­на қар­жы­лан­ды­ру алын­ға­ны және қол жет­кен нәти­же­лер­ді көр­се­ту қа­жет
Осы­мен өті­нім бой­ын­ша құ­жат­тар­ды, ма­те­ри­ал­дар­ды және ақ­па­рат­ты, оның ішін­де құ­пия мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға, ұлт­тық ин­сти­тут са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау жүр­гіз­ген кез­де, оның ішін­де бөгде тұ­лға­лар­ды тар­та оты­рып, сон­дай-ақ же­ке неме­се заң­ды тұл­ға ту­ра­лы, бар­лық көз­дер­де кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы (бол­мауы) ту­ра­лы де­ректер­ді жи­на­у­ға өзім­нің ке­лі­сі­мім­ді бе­ре­мін.
Осы ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар мен ақ­па­рат­тың, оның ішін­де ба­стап­қы де­ректер­дің, есеп­те­улер­дің, негіз­де­ме­лер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­мын және дәй­ек­сіз де­ректер­ді бе­ру фак­ті­ле­рі анық­тал­ған жағ­дай­да өті­нім қа­ра­удан бас тар­ты­ла­ты­ны ес­кер­тіл­ді.
Осы өті­нім­ге қо­са бе­рі­ле­тін ма­те­ри­ал­дар­дың, ақ­па­рат­тың, тех­ни­ка­лық-тех­но­ло­ги­я­лық ше­шім­дер мен іле­с­пе құ­жат­та­ма­ның қол­да­ны­луы мен та­ра­ту­ға қан­дай да бір шек­те­уле­рі жоқ, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік құ­пи­я­сын құ­рай­тын мә­лі­мет­тер жоқ еке­нін рас­тай­мын.
Сон­дай-ақ ұлт­тық ин­сти­тут­қа өті­нім бе­ру сәт­ін­де банк­рот­тық са­ты­сын­да­ғы не мүл­кіне тый­ым са­лын­ған дәр­мен­сіз­дік нәти­же­сін­де та­ра­ты­л­ған же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың мен­шік ие­ле­рі және (неме­се) бас­шы­ла­ры бо­лып та­бы­ла­тын неме­се болған же­ке неме­се заң­ды тұл­ға, мен­шік ие­сі және бі­рін­ші бас­шы бо­лып та­был­май­ты­нын рас­тай­мын.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стрі­нің 20__ жы­л­ғы «__» №_______ бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Тех­но­ло­ги­я­лар­ды ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар бе­ру ту­ра­лы қа­ғи­да­ла­ры­мен та­ны­стым.
Осы­мен тех­но­ло­ги­я­лар­ды ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар бе­ру шар­тта­ры­мен және ұлт­тық ин­сти­тут­тың іш­кі рә­сім­де­ріне өзім­нің ке­лі­сі­мім­ді рас­тай­мын.
Тех­но­ло­ги­я­лар­ды ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес та­лап еті­ле­тін ма­те­ри­ал­дар және (неме­се) құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді:
1) Биз­нес-жос­пар;
2) күн­тіз­бе­лік жос­пар;
3) шы­ғын­дар­ды та­ра­тып жа­зу ар­қы­лы шы­ғы­стар сме­та­сы;
4) әзір­ле­не­тін өнім­ге тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма;
5) MS PowerPoint фор­ма­тын­да жо­ба­ны та­ны­сты­ру.
Осы өті­нім мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша хат-ха­бар жүр­гізу­ге ар­нал­ған элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы:
Өті­нім бе­ру­ші­нің аты­нан
қол қою үшін өкі­лет­тікте­рі бар адам­ның ла­у­а­зы­мы
___________________________
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
___________________________
(қо­лы)

1.3 Жобаның бизнес-жоспары

Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру қағидаларына
3-қосымша
Жобаның бизнес-жоспары

1 1. Өтінім беруші:

- Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, немесе заңды тұлғаның атауы (ЖСН/БСН);
- заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы;
- саладағы жұмыс тәжірибесі;

2 2. Жобаның сипаттамасы:

2.1 2.1 жобаның атауы;

2.2 2.2 мыналар көрсетілген жобаның сипаттамасы:

- мақсаттар (шешілетін мәселе және оның шамасы);
- міндеттер (мәселені шешу жолдары)
- шешімнің инновациялылығы (жаңалығы);
- іске асырудың күтілетін нәтижелері.

2.3 2.3 MVP/MSP сипаттамасы және оның дайындық дәрежесі.

3 3. Жоба командасы:

3.1 3.1 мыналар көрсетілген команданың тізімі:

- біліктілігі және жұмыс тәжірибесі;
- команданың әр мүшесінің қатысу дәрежесі (толық 100 %, немесе қоса атқарылатын жұмыс – 50%);
- жобаның нәтижелеріне қол жеткізуге мүдделілік (жалақы, іске асыру туралы роялти және басқа).

4 4. Шығаруға болжанатын өнім:

- атауы (типі, маркасы және басқа);
- өндіруге және/немесе сатуға дайын өнімнің сипаттамасы;
- негізгі техникалық, эстетикалық және басқа да сипаттамалары;
-патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер.

5 5. Жобаның ағымдағы мәртебесі:

5.1 5.1 жоба бойынша орындалған іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелердің сипаттамасы (өтінім беру сәтінде), оның ішінде:

- өнімді жасауға бағытталған;
- өнімді жылжыту және сатуға (сатуға) бағытталған.

5.2 5.2 Жоба бойынша бұрын алынған мемлекеттік қаржылық қолдау шараларының сипаттамасы:

- Мемлекеттік қаржылық қолдау шарасының операторы, түрі (грант, субсидия және басқа) және қаржыландыру көлемі;
Қаражат қандай мақсаттарға алынды, қол жеткізілген нәтижелер.

6 6. Жобаны іске асырудың ерекше шарттары мен шектеулері:

- лицензиялардың болуы (егер қызмет түрі лицензиялануға жататын болса).

7 7. Жобаны іске асыру құны және қаржыландыру көздері:

Жоспарланған шығындар кестесі

Де­реккөз­дің ата­уы
Со­ма­сы (тең­ге)
Тү­сін­дір­ме­лер
Жо­ба­ның жал­пы құ­ны
оның ішін­де:
Мен­шік­ті қа­ра­жат
Тар­ты­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лар
Ин­но­ва­ци­я­лық грант
Шық­қан шы­ғы­стар кесте­сі

Де­реккөз­дің ата­уы
Со­ма­сы (тең­ге)
Тү­сін­дір­ме­лер
Жо­ба бой­ын­ша та­ри­хи шы­ғын­дар:
оның ішін­де:
Мен­шік­ті қа­ра­жат
Тар­ты­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лар
Қар­жы­лан­ды­ру­дың өзге де көз­де­рі

8 8. Техникалық бөлім:

8.1 8.1 Жоба технологиясының және технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы (жұмыс принциптері, компоненттер, өндірістік қуат және басқа, қажет болған жағдайда, суреттерде, сызбаларда, диаграммаларда, фотосуреттерде көрсетілуі керек);

8.2 8.2 Технологиялық шешімді таңдау негіздемесі (функционал, әлеует, масштабтау мүмкіндігі),

8.3 8.3 Жобаны іске асыру орнын таңдау негіздемесі (ілеспе инфрақұрылым, логистика және басқа);

8.4 8.4 Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау:

Си­патта­ма­ла­ры
Көр­сет­кіш­тер­дің мәні
Мен­шік­ті өнім
№ 1 бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті өнім
№ 2 бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті өнім
1.
2.

Талдау түсіндірмелері: өнімнің бәсекелестік сипаттамаларын таңдауды негіздеу, ақпарат көздеріне сілтемелер.

8.5 8.5 Шикізат және материалдар (бар болса):

пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
көлік шығыстарын, салық міндеттемелерін және кедендік баждарды ескере отырып, бағалардың қолжетімділігі мен деңгейі;
- шикізат пен материалдарды жеткізушілердің қажеттілігі мен таңдауының негіздемесі.

8.6 8.6 Жабдықтар мен жиынтықтауыштар (бар болса):

қажетті жабдықтардың, материалдар мен жиынтықтауыштардың тізбесі, оларға негізгі техникалық сипаттамалар;
көлік шығыстарын, салық міндеттемелерін, кедендік баждарды, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын ескере отырып, жабдықтар мен жиынтықтауыштардың құны;
жабдықтар мен жиынтықтауыштарды жеткізушіні таңдау қажеттілігінің негіздемесі.

8.7 8.7 Үшінші тұлғалар орындайтын жұмыстар мен қызметтер (бар болса):

сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің тізбесі;
сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің құны;
жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің қажеттілігі мен таңдауының негіздемесі.

9 9. Ұйымдастыру бөлімі (күнтізбелік жоспарды толтыру үшін негіз болады):

9.1 9.1 Жобаның кезеңдері бойынша жұмыстарды жүргізу реттілігі мен мерзімдерінің сипаттамасы.

9.2 9.2 Әрбір кезеңнің қорытындылары бойынша аралық нәтижелердің сипаттамасы және растайтын материалдардың тізбесі.

9.3 9.3 Жобаны іске асыру процесінде жоба командасының мүшелері арасында міндеттерді бөлу.

9.4 9.4 Өтінім беруші мен жобаны іске асыруға тартылған үшінші тұлғалар арасында жоба бойынша жұмыстарды бөлу.

10 10. Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары:

(іске асырудың әрбір сатысы бойынша барлық жұмыстар рет-ретімен көрсетіледі)

Жұ­мыстар­дың ата­уы
Жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зі­мі (ай)
Ке­зең­нің әр­бір іс-ша­ра­сы бой­ын­ша құ­ны (тең­ге)
Аяқ­тау ны­са­ны және рас­тай­тын ма­те­ри­ал­дар
1-ке­зең (6 ай­дан ар­тық емес)
1
2
3
1-ке­зең­ге бар­лы­ғы:
2-ке­зең (18 ай­дан ар­тық емес)
1
2
3
2-ке­зең­ге бар­лы­ғы:
ЖИЫ­НЫ:

11 11. Маркетинг бөлігі:

11.1 11.1 өнім бойынша нарықты талдау келтіріледі;

11.2 11.2 «TAM-SAM-SOM» нарығының көрсеткіштері сипатталады;

11.3 11.3 клиенттердің «портреті» жасалады (Customer Profile);

11.4 11.4 өнімді жылжытудың маркетингтік жоспары жасалады.

12 12. Қаржы бөлігі (шығыстар сметасын қалыптастыру үшін негіз болып табылады):

Іске асырудың әрбір кезеңі бойынша жобаны (шығындарды) орындау кезінде бюджет қаражатын нысаналы пайдалану негізделеді.
Бизнес-жоспарда кезеңнің әрбір іс-шарасы бойынша негіздеме ретінде таңдауды және баға белгілеуді растайтын құжаттар, оның ішінде: негізгі және балама коммерциялық ұсыныстар, алдын ала шарттар және сілтемелер қоса беріледі.

12.1 12.1 жоба командасы мүшелерінің жалақысы (порталға жалақы деңгейін растайтын құжаттар: статистикалық деректер, скриншоттар және ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған ұсыныстар орналастырылған интернет-ресурстарға сілтемелер қоса беріледі:

жалақы қажеттілігінің есебі келтіріледі;
жоба командасы мүшелерінің қатысу дәрежесі көрсетіледі (толық 100 %, немесе қоса атқарылатын жұмыс – 50%).

12.2 12.2 бағдарламалық қамтамасыз етуға арналған лицензиялардың, жабдықтардың саны мен жеткізушілерді таңдауды көрсете отырып, оларды сатып алу тізбесі мен құны сипатталады.

12.3 12.3 материалдар мен жинақтауыштардың саны мен жеткізушілерді таңдауды көрсете отырып, оларды сатып алу тізбесі мен құны сипатталады.

12.4 12.4 өзге де жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен ақы төлеу құны жобаға қатысуға тартылатын бірлесіп орындаушылардың көрсетілетін қызметтері құнының негіздемесі сипатталады.

12.5 12.5 үй-жайларды жалдау құнының негіздемесі сипатталады, жалға алынатын үй-жайдың ауданына қажеттілік есебі келтіріледі.

12.6 12.6 жоспарланған іссапарлар, тәуліктік, ұшу және тұру құнының негіздемесі (Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады).

12.7 12.7 маркетингтік жоспарға сәйкес маркетингтік шығыстардың құны сипатталады (2-кезең үшін).

12.8 12.8 мәліметтерді қамтитын Қаржылық модель жасалады (еxcel форматында):

кірістер мен шығыстардың болжамы,
ақша қаражатының қозғалысын болжау,
ақша қаражатының дисконтталған ағыны,
болжамдық теңгерім.

12.9 12.9 бар болған жағдайда компанияның Қаржылық есептілігі ұсынылады:

бухгалтерлік баланс (баптар бойынша таратып жазаылған),
пайда мен шығындар туралы есеп,
ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп,
капиталдың өзгеруі туралы есеп.

13 13. Экологиялық бөлім:

13.1 13.1 Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі;

13.2 13.2 Жобаның қоршаған ортаға әсері бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.

14 14. Тәуекелдерді талдау:

14.1

14.1 Қаржылық, техникалық, құқықтық, коммерциялық, өндірістік, операциялық тәуекелдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, оны іске асыру ықтималдығын және жобаны іске асыруға әсер ету дәрежесін (төмен, орташа, жоғары) және тәуекелдерді азайтудың/тәуекелдерді азайтудың ықтимал әдістерін көрсете отырып, тәуекелдер тізбесін айқындау.

15 15. Күтілетін нәтижелер:

15.1 15.1 Жүзеге асырылатын өнім көлемі (жобаны іске асырудың екі кезеңі бойынша жеке көрсету қажет);

15.2 15.2 Шығарылатын өнім көлемі натуралды шамада.

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) Мөр орны (болған жағдайда)

1.4 Күнтізбелік жоспар

Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру қағидаларына
4-қосымша
Күнтізбелік жоспар
Жобаның атауы: _________________________________________

Жұ­мыстар­дың ата­уы
Жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зі­мі (ай)
Ке­зең­нің әр­бір іс-ша­ра­сы бой­ын­ша құ­ны (тең­ге)
Аяқ­тау ны­са­ны және рас­тай­тын ма­те­ри­ал­дар
1-ке­зең (6 ай­дан ар­тық емес). Өнім­ді же­тіл­ді­ру және ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту­ды қо­са ал­ған­да, комм­мер­ци­я­лан­ды­ру стра­те­ги­я­сын әзір­леу.
1
Жо­ба ко­ман­да­сы мү­ше­ле­рі орын­дай­тын жұ­мыстар
1.1
1.2
2.
Үшін­ші тұ­лға­лар орын­дай­тын жұ­мыстар
2.1
2.2
3.
Кең­се үй-жай­ла­рын жал­ға алу
3.1
3.2
4.
Ма­те­ри­ал­дар, жиын­тық­та­уы­штар және жаб­дық­тар са­тып алу
4.1
4.2
1-ке­зең­ге бар­лы­ғы:
2-ке­зең (18 ай­дан ар­тық емес). Өнім өн­ді­рі­сін іс­ке қо­су (ен­гі­зу және сүй­е­мел­деу) және оны на­рық­та іс­ке асы­ру (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру)
1
Жо­ба ко­ман­да­сы мү­ше­ле­рі орын­дай­тын жұ­мыстар
1.1
1.2
2.
Үшін­ші тұ­лға­лар орын­дай­тын жұ­мыстар
2.1
2.2
3.
Кең­се үй-жай­ла­рын жал­ға алу
3.1
3.2
4.
Ма­те­ри­ал­дар, жиын­тық­та­уы­штар және жаб­дық­тар са­тып алу
4.1
4.2
2-ке­зең­ге бар­лы­ғы:
ЖИЫ­НЫ:

1.5 Шығындар талдамасы бар шығыстар сметасы

Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру қағидаларына
5-қосымша
Шығындар талдамасы бар шығыстар сметасы
Жобаның атауы _____________________________________________
РР/с
Жұ­мыстар­ды орын­да­у­ға ар­нал­ған шы­ғын­дар
Шы­ғын­дар со­ма­сы
Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
Ба­ға бел­гі­леу бой­ын­ша тү­сін­дір­ме­лер
Есеп­те­улер­де қол­да­ны­ла­тын де­ректер кө­зі
Ин­но­ва­ци­я­лық грант
Мен­шік­ті қа­ра­жат
Ин­ве­сти­ци­я­лар (тар­ты­л­ған қа­ра­жат)
Қар­жы­лан­ды­ру­дың өзге де көз­де­рі (қай­сысы, көр­се­ту ке­рек)
Шы­ғын­дар ЖИЫ­НЫ:
0,00
0,00
0,00
0,00
0,00
оның ішін­де бап­тар мен ке­зең­дер бой­ын­ша:
1-ке­зең: Өнім­ді же­тіл­ді­ру және ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту­ды қо­са ал­ған­да, комм­мер­ци­я­лан­ды­ру стра­те­ги­я­сын әзір­леу
1-ке­зең­ге бар­лы­ғы:
1
жо­ба ко­ман­да­сы мү­ше­ле­рі­нің жа­ла­қы­сы
2
үшін­ші тұ­лға­лар және/неме­се бір­ле­сіп орын­да­у­шы­лар орын­дай­тын өзге де жұ­мыстар­ға және (неме­се) қыз­мет­тер­ге, оның ішін­де жаб­дық­ты жал­ға алу­ға ақы тө­леу
3
кең­се үй-жайы және (неме­се) өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­ды жал­дау
4
жаб­дық­тар­ды са­тып алу
5
ма­те­ри­ал­дар мен жи­нақ­та­уы­штар­ды са­тып алу
6
іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
2-ке­зең: Өнім өн­ді­рі­сін іс­ке қо­су (ен­гі­зу және сүй­е­мел­деу) және оны на­рық­та іс­ке асы­ру (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру)
2-ке­зең­ге бар­лы­ғы:
1
жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы
2
үшін­ші тұ­лға­лар және/неме­се бір­ле­сіп орын­да­у­шы­лар орын­дай­тын өзге де жұ­мыстар­ға және (неме­се) қыз­мет­тер­ге ақы тө­леу
3
кең­се үй-жайы және (неме­се) өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­ды жал­дау
4
жаб­дық­тар­ды са­тып алу
5
ли­цен­зи­я­лар­ды са­тып алу
6
ма­те­ри­ал­дар мен жи­нақ­та­уы­штар­ды са­тып алу
7
іс­са­пар шы­ғы­ста­ры

Қолданыстағы