Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий»

Бұйрық · № 111/НҚ · қабылданған 25.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2020-no-365-ekb-182224/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий» Қолданыста Бұйрық ·№ 111/НҚ ·25.05.2023
25.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 111/НҚ · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 365/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на коммерциализацию технологий»
Атауы (қаз.)
«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
111/НҚ
Қабылданған күні
25.05.2023
Көрсетілген редакция
25.05.2023 182224_635524.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032615
ЭКБ идентификаторы
182224
Редакция идентификаторы
182224_635524
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:45

0 «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларында:
2-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өтінім беруші – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алу үшін ұлттық институтқа өтінімді автоматтандырылған жүйе арқылы қарауға ұсынған инновациялық қызмет субъектісі;»;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) қоса қаржыландыру – жобаны қоса қаржыландыру бойынша талаптарды орындауға арналған ақшалай нысандағы өтінім берушінің (грант алушының) қаражаты.».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық институттың инновациялық гранттар беру жөніндегі қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші портал арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1-кезеңде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс;
2-кезеңде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға арналған толық ұсыныс;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар жобасы;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша шығындар талдамасы бар шығыстар сметасының жобасы;
5) жабдықты жеткізуге арналған алдын ала шарттардың және (немесе) келісімдердің, оның ішінде лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);
6) жабдықтарды тасымалдау (жеткізу) шарттарының көшірмелері (бар болса);
7) Бағдарламалық өнімді әзірлеу/жетілдіру кезінде: бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардан басқа, талап етілетін мамандар көрсетілетін бағдарламалық өнімді әзірлеуге арналған техникалық тапсырма, олардың жұмыс түрлерін, көлемдерін, мерзімдерін және сипаттай отырып және ақы төлей отырып, мамандандыру бөлінісінде олардың саны;
8) жоба командасының әрбір мүшесінің дипломдарының немесе сертификаттарының немесе басқа құжаттарының көшірмелері (бар болса);
9) жобаның Excel форматындағы қаржылық моделі;
10) акселерациялық және (немесе) бизнес-инкубациялық бағдарламаның аяқталғанын растайтын құжат.
Шарт жасасу үшін – жоғары тұрған органның инновациялық грант беруге шарт жасасу туралы шешімі, басшының және (немесе) уәкілетті тұлғаның инновациялық грант алуға байланысты құжаттарға қол қою өкілеттігін беру туралы шешімі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Ұлттық институт 1 (бір) жұмыс күні ішінде алдын ала ұсынысты тіркейді және оны Кеңестің қарауына жібереді.
Кеңес 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың алдын-ала ұсынысын қарайды және мынадай өлшемшарттар:
инновациялылық;
ауқымдылығы;
экспортқа бағдарлануы;
жоба командасының құрамы және біліктілігі;
жобаның коммерциялық әлеуеті бойынша іріктеуді жүзеге асырады.
Алдын ала ұсыныстарды тыңдау қорытындысы бойынша Кеңес конкурстың екінші кезеңіне өтінім берушілерді жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
2) Ұлттық институт Кеңес шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде іріктеуден өткен өтінім берушіге портал арқылы рұқсат беру немесе екінші кезеңге жіберуден бас тарту туралы қабылданған шешім туралы тиісті хабарлама жібереді.
Өтінімді қарау мерзімі өтінім берушіге екінші кезеңге жіберу туралы шешім туралы хабарлама жіберілген кезден бастап тоқтатыла тұрады;
3) іріктеуден өткен және екінші кезеңге жіберу туралы хабарлама алған өтінім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық институтқа толық ұсынысты береді.
Өтінім беруші 14-тармақтың 3) және 4) тамақшасының бірінші бөлімінде көрсетілген мерзімде толық ұсынысты ұсынбаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді одан әрі қараудан бас тартады;
4) Ұлттық институт 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді және толық ұсыныстарды тіркеуді жүзеге асырады. Өтінім беруші толық ұсыныста құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Ұлттық институт осы өтінімді тіркеуден бас тартады және автоматтандырылған жүйе арқылы тиісті хабарлама жібереді. Өтінім беруші 2 жұмыс күні ішінде құжаттардың толық пакеті бар толық ұсынысты қайта ұсынады. Бұл ретте Ұлттық институт құжаттардың толық емес пакетін қайталап анықтаған жағдайда өтінімді одан әрі қараудан бас тартады.
4-1) Ұлттық институт 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тіркелген толық ұсыныстардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Ұлттық институт Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабына сәйкес коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.
Тексеру нәтижелері бойынша Ұлттық институт өтінім берушіге портал арқылы анықталған ескертулер (бар болса) туралы Хабарлама жібереді.
Өтінім беруші хабарламада көрсетілген ескертулерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды. Өтінім берушінің ескертулерді жоюы кезінде өтінімдерді қарау мерзімі өтінім берушіге анықталған ескертулер туралы хабарлама жіберілген күннен бастап тоқтатылды.
Өтінім беруші көрсетілген мерзімдерде ескертулерді жоймаған жағдайда ұлттық институт өтінімді одан әрі қараудан бас тартады;
5) Ұлттық институт өтінім берушінің пысықталған құжаттарының пакетін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайта тексереді (өтінім берушіге анықталған ескертулер туралы хабарлама жіберілген жағдайда);
6) Ұлттық институт толық ұсынысты тексергеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде толық ұсынысқа технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізеді.
Сараптаманы өткізу тәртібі ұлттық институттың ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.
Ұлттық институтта сарапшылар болмаған жағдайда, сараптама жүргізу үшін сыртқы, отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар тартылады.
Ұлттық институт сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.
Сараптама мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
технологиялық сараптама іс-шаралардың технологиялық іске асырылуы мен жеткіліктілігін талдау, аналогтармен салыстыру бойынша артықшылықтарды анықтау, жұмыстарды мәлімделген мерзімдер (кезеңдер) бойынша бөлу, жұмыстардың көлемі мен мазмұны және оларды орындау мерзімдері, жобаны іске асыру тәуекелдері, жоба командасының біліктілігін бағалау мақсатында жүргізіледі;
қаржы-экономикалық сараптама жобаны іске асырудың экономикалық орындылығын және қаржы-экономикалық моделін бағалау мақсатында жүргізіледі;
құқықтық сараптама ұсынылған құжаттардың мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау, жобаны іске асырудың құқықтық тәуекелдерін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамалар жобалар бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
Өтінімдерге жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды (Кеңес мүшелеріне жіберіледі), Күнтізбелік жоспар және Шығындар сметасының жобасы (өтінім берушіге Портал арқылы ақпарат үшін жіберіледі) қалыптастырылады;
7) сараптамалық қорытындыны, Күнтізбелік жоспар мен шығындары толық жазылған Шығындар сметасы жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кеңестің отырысы өткізіледі.
Кеңес отырыстарына өтінім беруші өзінің жобасын бетпе-бет немесе аудио және бейне тіркеуі бар телекоммуникациялар құралдары арқылы таныстыру үшін шақырылады.
Қарау нәтижелері бойынша Кеңес өтінім берушіге инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8) Ұлттық институт Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінім берушілерді портал арқылы шартқа қол қоюдың қажеттілігі туралы хабардар етеді немесе өтінім берушілерге инновациялық грант беруден бас тартуды жібереді.
Шартқа ұлттық институт немесе оның шарт жасауға уәкілетті өкілі және ұлттық институттың орналасқан орнында өтінім беруші қол қояды.
Шарт сараптама қорытындылары мен Кеңестің ұсынымдары ескеріле отырып, ұлттық институт айқындайтын нысан бойынша тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық гранттар берілген инновациялық жобалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуді талдау мақсатында ұлттық институттың актісімен реттелетін берілген инновациялық гранттар мен жобалардың іске асырылуына мониторинг өткізеді.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Инновациялық грант іс-шараларды қоса қаржыландыру талаптарымен жобаны іске асырудың мынадай кезеңдерінде:
1) «Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» кезеңінде инновациялық жобаны іске асыру сомасының кемінде 10 %-ы;
2) «Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде инновациялық жобаны іске асыру сомасының кемінде 10 %-ы болған жағдайда беріледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Инновациялық гранттың жалпы сомасы кезеңдер бойынша бөлінген 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден аспайды:
1) «Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» кезеңінде 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайды және негізделген шығындардың мынадай баптарының 90 (тоқсан) пайызына дейін өтейді:
жоба командасы мүшелерінің жалақысы (салықтарды, алымдарды және басқа да оған байланысты міндетті төлемдерді қоса алғанда), бірақ 9 000 000 (тоғыз миллион) теңгеден артық емес;
үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындаған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты басқа жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, бірақ 6 000 000 (алты миллион) теңгеден артық емес;
кеңсе үй-жайларын жалға алу, команданың әрбір мүшесі үшін 7,5 (жеті бүтін оннан бес) ш.м.;
апробация және тестілік сатылым мақсатында өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау (жетілдіру) үшін қажетті материалдар мен жиынтықтауыштар сатып алу;
2) «Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде 80 000 000 (сексен миллион) теңгеден аспайды және негізделген шығындардың мынадай баптарының 90 (тоқсан) пайызына дейін өтейді:
жоба командасы мүшелерінің жалақысы (салықтарды, алымдарды және басқа да оған байланысты міндетті төлемдерді қоса алғанда), бірақ 24 000 000 (жиырма төрт миллион) теңгеден артық емес;
үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындаған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты басқа жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, бірақ 24 000 000 (жиырма төрт миллион) теңгеден артық емес;
іссапар шығыстары (шетелдіктерді қоса алғанда), бірақ 2 000 000 (екі миллион) теңгеден артық емес;
өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау үшін қажетті материалдар, жиынтықтауыштар мен жабдықтарды сатып алу;
кеңсе (команданың әрбір мүшесі үшін 7,5 (жеті бүтін оннан бес) ш.м.) және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалға алу;
маркетингтік шығыстар (өнімді немесе көрсетілетін қызметті ілгерілету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу), бірақ 6 000 000 (алты миллион) теңгеден артық емес.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Өтінім берушіге мынадай өлшемшарттар белгіленеді:
Жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес жобаны іске асыру бойынша шараларды қоса қаржыландыру үшін меншікті қаражаттар болуы тиіс.
1) “Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу” кезеңінде:
1) бірінші кезеңде:
бизнес-инкубациялық және (немесе) акселерациялық бағдарламаны аяқтау;
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аяқталған нәтижелерінің болуы, не өнімнің, не бастапқы құрылымның экспериментальдық тәжірибелік үлгісінің (MVP) болуы;
маркетингтік зерттеулерде тәжірибесі бар коммерцияландыру жөніндегі маманды қоса алғанда, кем дегенде 2 (екі), бірақ 5 (бес) адамнан аспайтын білікті мамандардан тұратын команданың болуы (гранттар есебінен қоса қаржыландыру үшін);
шағын кәсіпкерлік субъектісі.
2) Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру кезеңінде:
өндіруге және (немесе) сатуға дайын өнімнің болуы;
өнімді жылжытудың маркетингтік жоспарының болуы;
екінші кезеңнің грант сомасының кемінде 30 (отыз) пайызы мөлшерінде инвестициялар тарту;
бизнесте жұмыста тәжірибесі бар коммерцияландыру жөніндегі маманды, жоба бойынша кәсіби мамандарды қоса алғанда, кем дегенде 2 (екі), бірақ 7 (жеті) адамнан аспайтын команданың болуы (гранттар есебінен қоса қаржыландыру үшін).
Ұлттық институт өтінім беруші жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінімді қараудан бас тартады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Өтінім берушілер өздеріне мынадай міндеттемелер алады:
«Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» кезеңінде:
өнімді жылжытудың маркетингтік жоспарын және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;
тестілік сатылымдарды жүзеге асыру;
«Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде:
коммерцияландыру стратегиясына сәйкес инновациялық грант сомасының кемінде10 (он) пайызынан кем емес сатылған өнім көлеміне жету.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Мәлімделген мақсаттарға, егер инновациялық жобаға бұрын мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілсе, инновациялық грант берілмейді.
Осындай фактілер анықталған және расталған жағдайда, ұлттық институт жобаны іске асырудың кез келген кезеңінде шартты бұзады, бұл ретте грант алушы алынған гранттың толық сомасын ұлттық институттың есеп шотына қайтарады.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Инновациялық грантты беруден бас тарту негіздері:
1) өтінім берушінің инновациялық грант алуға өтінім беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуін, дұрыс еместігін анықтау;
2) Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес теріс шешім қабылдаған жағдайда.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Гранттық қаражатты алған кезде бизнес әріптес немесе инвестор тарапынан инвестициялар тартуға ақшалай қаражаттың болуын растайтын құжаттарды немесе инвестиция сомасын енгізуге дайын екендігі туралы бизнес әріптестің немесе инвестордың кепілдік хатын ұсынған жағдайда жол беріледі.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Шартқа қол қойылғаннан кейін грант алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде шарт талаптарына сәйкес мөлшерде жобаны қоса қаржыландыру үшін қаражаттарды эскроу-шот режимінде ағымдағы шотқа аударады.
Ұлттық институт грант алушыдан екінші деңгейдегі банкте ашылған эскроу-шотқа ақша қаражаты түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірінші кезеңнің грант қаражатын аударуды жүргізеді.
Келесі транштар (бөліктер) ұлттық институт жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аударылады.
Инновациялық грантты ұлттық институт кем дегенде екі траншпен (бөлікпен) аударады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Инновациялық грантты игеру мерзімі: «Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» кезеңінде – 6 (алты) айдан, ал «Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде – 18 (он сегіз) айдан аспайды.».
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновацияларды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 111/НҚ бұйрыққа
1-қосымша
Технологияларды
коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру қағидаларына
1-қосымша
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алуға арналған алдын ала ұсыныс
Барлық жолдарды толтыру міндетті:
Заң­ды тұл­ға­ның/же­ке кә­сіп­кер­дің ата­уы
Мә­лім­дел­ген жо­ба бой­ын­ша ак­се­ле­ра­ци­я­лық және (неме­се) биз­нес-ин­ку­ба­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­дан қай жер­де өт­ке­ні­ң­із­ді көр­се­ті­ңіз (өт­кі­зу ор­ны, та­қы­ры­бы, ке­зе­ңі және то­бы)
Сіз ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­сіз бе: Ия/Жоқ
Жо­ба­ның ата­уы:
Сіз­дің жо­ба­ңыз ин­но­ва­ци­я­ның қай тү­ріне жа­та­ты­нын көр­се­ті­ңіз (тех­но­ло­ги­я­лық, әле­умет­тік, өнім­ді ұй­ым­да­сты­ру, мар­ке­тинг­тік және бас­қа)
Жо­ба ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар бе­ру­дің ба­сым ба­ғы­ты­на жа­та­ды (бір ға­на ба­сым ба­ғыт­ты көр­се­ту ке­рек):
Эко­но­ми­ка­ның және қо­ғам­ның тір­ші­лік әре­ке­ті са­ла­ла­рын­да қол­да­ны­ла­тын жо­ға­ры өнім­ді тех­но­ло­ги­я­лар:
4.0 ин­ду­стрия эле­мент­те­рін қо­са ал­ған­да, ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
Жа­ңа ма­те­ри­ал­дар, ад­ди­тив­ті тех­но­ло­ги­я­лар, на­но­тех­но­ло­ги­я­лар
Био­тех­но­ло­гия, ме­ди­ци­на мен ден­са­улық сақ­та­уда­ғы жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар
Өң­деу өнер­к­ә­сі­бін­де­гі жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар
Ға­ры­штық тех­но­ло­ги­я­лар
Эко­ло­ги­я­лық та­за тех­но­ло­ги­я­лар, энер­гия ти­ім­ді­лі­гі, энер­гия үнем­деу және ба­ла­ма­лы энер­ге­ти­ка
Жа­ңа қар­жы­лық тех­но­ло­ги­я­лар
Элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп
Ро­бо­то­тех­ни­ка
Стар­тап­ты іс­ке асы­ру­да тө­мен­де көр­се­ті­л­ген тех­но­ло­ги­я­лар­дың кез кел­ге­нін пай­да­ла­на­сыз ба?
Big Data (Үл­кен де­ректер)
AI (Жа­сан­ды ин­тел­лект)
ML (Ма­ши­на­лық оқы­ту)
AR/VR (Ке­ңей­ті­л­ген және вир­ту­ал­ды шын­дық)
Блок­чейн
Ро­бот­тар мен дрон­дар
IoT (Заттар ин­тер­не­ті)
M2M (Ма­ши­на­ара­лық өза­ра әре­кет­те­су)
Қол­да­ныл­май­ды
Өті­нім бе­ру­ші­нің ме­кен­жайы (ин­дек­сі, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні, кө­ше­сі, үйі, пәте­рі)
Те­ле­фон
Ұя­лы
Элек­трон­дық по­шта:
Ре­сми сай­ты:
Жо­ба ту­ра­лы қы­сқа­ша ақ­па­рат (кем де­ген­де 50 сөз):
Жо­ба­ның мақ­са­ты (ше­ші­ле­тін мә­се­ле):
Жо­ба­ның мін­дет­те­рі:
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны:
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру мер­зі­мі:
MVP/MSP бо­луы (өнім­ге, фо­то­су­рет­ке, бей­не­ге неме­се бас­қа ма­те­ри­ал­дар­ға сі­л­те­ме­лер)
Жо­ба­ның дай­ын­дық дә­ре­же­сі (негіз­гі орын­дал­ған іс-ша­ра­лар ті­зі­мі) (10 ар­тық емес):
Жо­ба ко­ман­да­сы­ның си­патта­ма­сы (ко­ман­да мү­ше­ле­рі­нің са­ны және бі­лік­ті­лі­гі):
Өнім­ді пай­да­ла­на­тын тұ­ты­ну­шы­лар бар ма?
Ұсы­ны­л­ған өнім­нің ин­но­ва­ци­я­лы­ғы қан­дай?
Құ­ры­ла­тын өнім­ді са­ту­дың ком­мер­ци­я­лық әле­уе­ті:
Жо­ба­ның тәу­е­кел­де­рі:
Қа­зір­гі бар және әле­ует­ті бә­се­ке­ле­стер:
Бә­се­ке­ле­стік ар­тық­шы­лы­ғы:
Мас­шта­б­тау, экс­порт­қа шы­ғу бой­ын­ша қан­дай жос­пар­лар бар?
Иде­я­лар пит­чин­гі үшін пре­зен­та­ци­я­ны бе­кі­ті­ңіз
Ак­се­ле­ра­ци­я­лық және (неме­се) биз­нес-ин­ку­ба­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны аяқ­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­кі­ті­ңіз
Кү­ті­л­ген нәти­же­лер (на­ту­рал­ды және ақ­ша­лай түр­де):
Бұл жо­ба бас­қа көз­дер­ден қар­жы­лан­ды­рыл­ды ма:
Ия
Жоқ
Егер «иә» бол­са, он­да бағ­дар­ла­ма­ның ата­уын, жо­ба­сын және алын­ған қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сын қан­дай кө­лем­де көр­се­ту қа­жет
Ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар ту­ра­лы қан­дай де­реккөз­дер­ден біл­ді­ңіз?
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің сай­ты
ұлт­тық ин­сти­тут­тың сай­ты
ұлт­тық ин­сти­тут­тың та­ра­туы
ұлт­тық ин­сти­тут­тың се­ми­нар­ла­ры, кон­фе­рен­ци­я­ла­ры
әле­умет­тік же­лі­лер
бас­қа _____________________________________
теңге
Жо­ба­ның биз­нес-құ­ры­лы­мы (Excel фор­ма­тын­да)
Жо­ба са­ты­сы­ның ата­уы
Өнім­ді/та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу және (неме­се) жұ­мыстар­ды/қыз­мет­тер­ді көр­се­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар
Жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы*
Үшін­ші тұ­лға­лар және/неме­се бір­ле­сіп орын­да­у­шы­лар орын­дай­тын өзге де жұ­мыстар­ға және (неме­се) қыз­мет­тер­ге ақы тө­леу
Кең­се үй-жайы және (неме­се) өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­ды жал­дау
Жаб­дық­тар­ды са­тып алу
Ма­те­ри­ал­дар мен жи­нақ­та­уы­штар­ды са­тып алу
Іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
Мар­ке­тинг шы­ғын­да­ры
Шы­ғы­стар­дың жал­пы со­ма­сы
Бір­лік ба­ға­сы/ та­ри­фі (өз.құ­ны+мар­жа)
Өнім­ді/та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу және (неме­се) жұ­мыстар­ды/қыз­мет­тер­ді көр­се­ту кө­ле­мі, сан­дық мән­де жо­ба­ның ерекше­лі­гіне бай­ла­ны­сты өл­шем бір­лі­гін көр­се­ту
Өнім­ді/та­у­ар­лар­ды өт­кі­зу және (неме­се) жұ­мыстар­ды/қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­дің кі­рі­сте­рі са­уда цик­л­де­рі мен мау­сым­дық са­ты­лым­дар­ды ес­ке­ру қа­жет
Қар­жы­лық нәти­же, пай­да (+) / шы­ғын (-)
Өнім­ді же­тіл­ді­ру және ин­ве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­ны әзір­леу ке­зе­ңін­де
Бар­лы­ғы 1- ке­зең­ге
1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5 ай
6 ай
Өнім өн­ді­рі­сін іс­ке қо­су (ен­гі­зу және сүй­е­мел­деу) және оны на­рық­та іс­ке асы­ру (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру) ке­зе­ңін­де
1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5 ай
6 ай
7 ай
8 ай
9 ай
10 ай
11 ай
12 ай
13 ай
14 ай
15 ай
16 ай
17 ай
18 ай
Жо­ба бой­ын­ша жиы­ны
* Жалақы кестесінен алынған мәліметтер.
теңге
Жо­ба ко­ман­да­сы *
1
2
3
4
5
6
7
Жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы
Жа­ла­қы­дан алы­на­тын са­лық­тар, алым­дар және бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер
Жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы, со­ның ішін­де са­лық­тар, алым­дар және оны­мен бай­ла­ны­сты бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер
Ма­ман­дық­тың / ла­у­а­зым­ның ата­уы
Әле­умет­тік са­лық
Әле­умет­тік ауда­ры­лым­дар
Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
Жа­ла­қы
(ӘС)
(ӘА)
(МӘМС)
Қа­ты­су, % жұ­мыспен қам­ты­лу
Мөл­шер­ле­ме­сі, %
Жұ­мыспен қам­ты­лу % ес­ке­рі­л­ген жа­ла­қы
1-ке­зең: өнім­ді же­тіл­ді­ру және ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту­ды қо­са ал­ған­да, ком­мер­ци­я­лан­ды­ру стра­те­ги­я­сын әзір­леу
1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5 ай
6 ай
2-ке­зең: өнім өн­ді­рі­сін іс­ке қо­су (ен­гі­зу және сүй­е­мел­деу) және оны на­рық­та іс­ке асы­ру (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру)
1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5 ай
6 ай
7 ай
8 ай
9 ай
10 ай
11 ай
12 ай
13 ай
14 ай
15 ай
16 ай
17 ай
18 ай
Жо­ба бой­ын­ша жиы­ны:
* 1-кезең: 5 білікті маманнан аспайтын жоба командасы, 2-кезең: 7 білікті маманнан аспайтын жоба командасы.
** порталға жалақы деңгейін растайтын құжаттар (статистикалық деректер, скриншоттар және ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған ұсыныстар орналастырылған интернет ресурстарға сілтемелер)

2 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 111/НҚ бұйрыққа
2-қосымша
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру қағидаларына
2-қосымша
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға толық ұсыныс
Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы
Жобаның атауы:
Инновациялық гранттың сұралатын сомасы, теңгемен (цифрмен және жазбаша):
Жобаның толық құны, теңгемен (цифрмен және жазбаша):
Өтінім беруші туралы ақпарат:
Ұйымның атауы:
Құрылған күні:
Тіркеу деректері:
Өтінім берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
Телефон
Жұмыс
Ұялы
Электрондық пошта
Ресми сайт (болған жағдайда)
Жұмыс істейтіндердің нақты саны, оның ішінде:
инженерлік-техникалық қызметкерлер
әкімшілік-басқару персоналы
Басқалар
Құрылтайшылар (қатысу үлесін көрсете отырып (болған жағдайда):
Бірінші басшы туралы ақпарат:
Тегі, аты, әкесінің аты.
Білімі/Ғылыми дәрежесі/берілген жылы
Телефон
Жұмыс
Ұялы
Электрондық пошта мекенжайы
Лауазымы
Байланыс мекенжайы
Байланыс тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты.
Телефон
Жұмыс
Ұялы
Электрондық пошта мекенжайы
Лауазымы
Байланыс мекенжайы
Жоба туралы ақпарат:
Жобаның мақсаты:
Жобаның міндеттері
Жобаны іске асыру орны:
Жобаны іске асыру мерзімі:
Өткізу нарығы (ел, өңір)
Жоба дайындығының деңгейі
Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма:
Ия
Жоқ
Егер «иә» болса, онда қандай көлемде, бағдарламаның атауын, жобаны және алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет)
Егер «иә» болса, онда жобаның қандай нақты мақсатына қаржыландыру алынғаны және қол жеткен нәтижелерді көрсету қажет
Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын мәліметтерді пайдалануға, Ұлттық институт сараптамалық бағалау жүргізген кезде, оның ішінде бөгде тұлғаларды тарта отырып, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің болуы (болмауы) туралы деректерді жинауға өзімнің келісімімді беремін.
Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің дұрыстығын растаймын және дәйексіз деректерді беру фактілері анықталған жағдайда өтінім қараудан бас тартылатыны ескертілді.
Осымен осы өтінімге қоса берілетін материалдардың, ақпараттың, техникалық-технологиялық шешімдер мен ілеспе құжаттаманың қолданылуы мен таратуға қандай да бір шектеулері жоқ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтер жоқ екенін растаймын. Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінім беру сәтінде банкроттық сатысындағы не мүлкіне тыйым салынған дәрменсіздік нәтижесінде таратылған жеке немесе заңды тұлғалардың меншік иелері және (немесе) басшылары болып табылатын немесе болған жеке немесе заңды тұлға, меншік иесі және бірінші басшы болып табылмайтынын растаймыз.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20__ жылғы «__»№_______ бұйрығымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру туралы қағидаларымен таныстым.
Осымен технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру шарттарымен және ұлттық институттың ішкі рәсімдеріне өзімнің келісімімді растаймын.
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес талап етілетін материалдар және (немесе) мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) бизнес-жоспар парақтарда;
2) күнтізбелік жоспар парақтарда;
3) шығындарды таратып жазу арқылы шығыстар сметасы парақтарда;
4) әзірленетін өнімге техникалық тапсырма парақтарда;
5) MS PowerPoіnt форматында жобаны таныстыру;
6) дипломдардың және (немесе) сертификаттардың немесе жоба командасы мүшесінің біліктілігін растайтын басқа құжаттардың көшірмелері;
7) Excel форматындағы жобаның қаржылық моделі.
8) акселерациялық және (немесе) бизнес-инкубациялық бағдарламаны аяқтағанын растайтын құжат.
Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабар жүргізуге арналған электрондық пошта мекенжайы:
Ескерту: заңды тұлғалар үшін ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге де уәкілетті тұлға қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері өзгерген кезде (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) ұлттық институтты хабардар ету қажет.
Өтінім берушінің атынан қол қою үшін өкілеттіктері бар адамның лауазымы
_______________________
Тегі, аты, жөні (ол болған кезде)
___________________________
(қолы)

3 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 111/НҚ бұйрыққа
3-қосымша
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру қағидаларына
3-қосымша
Жобаның бизнес-жоспары

1 1. Өтінім беруші:

жеке тұлғаның тегі, аты, жөні, немесе заңды тұлғаның атауы (ЖСН/БСН);
заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы;
саладағы жұмыс тәжірибесі;
қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы.

2 2. Жобаның сипаттамасы:

2.1 2.1 жобаның атауы;

2.2 2.2 жобаның сипаттамасы, мыналар көрсетілген:

мақсаттар (шешілетін мәселе және оның шамасы);
міндеттер (мәселені шешу жолдары)
шешімнің инновациялылығы (жаңалығы);
іске асырудың күтілетін нәтижелері;

2.3 2.3 MVP/MSP сипаттамасы және оның дайындық дәрежесі.

3 3. Жоба командасы:

3.1 3.1 команданың тізімі, мыналар көрсетілген:

біліктілігі және жұмыс тәжірибесі;
команданың әр мүшесінің қатысу дәрежесі (негізгі жұмыс немесе қоса атқарылатын) (толық, жартылай жұмыспен қамту) (толық - 100%, қоса атқарылатын жұмыс – 50%);
жобаның нәтижелеріне қол жеткізуге мүдделілік (жалақы, іске асыру туралы роялти және т.б.).

4 4. Шығаруға болжанатын өнім:

атауы (типі, маркасы және басқа сипаттамалар);
өндіруге және/немесе сатуға дайын өнімнің сипаттамасы;
негізгі техникалық, эстетикалық және басқа да сипаттамалары;
патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер.

5 5. Жобаның ағымдағы мәртебесі:

5.1 5.1 жоба бойынша орындалған іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелердің сипаттамасы (өтінім беру сәтінде), оның ішінде:

өнімді жасауға бағытталған;
өнімді жылжыту және өткізуге (сатуға) бағытталған.

5.2 5.2 Жоба бойынша бұрын алынған мемлекеттік қаржылық қолдау шараларының сипаттамасы:

Мемлекеттік қаржылық қолдау шарасының операторы, түрі (грант, субсидия және т.б.) және қаржыландыру көлемі;
Қаражат қандай мақсаттарға алынды, қол жеткізілген нәтижелер.

6 6. Жобаны іске асырудың ерекше шарттары мен шектеулері:

- лицензиялардың болуы (егер қызмет түрі лицензиялануға жататын болса).

7 7. Жобаны іске асыру құны және қаржыландыру көздері:

Жоспарланған шығыстар кестесі

Дереккөздің атауы
Сомасы
(теңге)
Түсініктемелер
Жобаның жалпы құны
оның ішінде:
Меншікті қаражат
Тартылған инвестициялар
Инновациялық грант
Шыққан шығыстар кестесі

Дереккөздің атауы
Сомасы
(теңге)
Түсініктемелер
Жоба бойынша тарихи шығындар:
оның ішінде:
Меншікті қаражат
Тартылған инвестициялар
Қаржыландырудың өзге де көздері

8 8. Техникалық бөлім:

8.1 8.1. Жоба технологиясының және технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы (жұмыс принциптері, компоненттер, өндірістік қуат және т. б., қажет болған жағдайда, суреттерде, сызбаларда, диаграммаларда, фотосуреттерде көрсетілуі керек);

8.2 8.2. Технологиялық шешімді таңдау негіздемесі (функционал, әлеует, масштабтау мүмкіндігі),

8.3 8.3. Жобаны іске асыру орнын таңдау негіздемесі (ілеспе инфрақұрылым, логистика және басқа сипаттамалары)

-әр команда мүшесі үшін 7,5 ш. м. аспайтын кеңсе бөлмесі;

8.4 8.4. Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау:

Сипаттамалары
Көрсеткіштердің мәні
Меншікті өнім
№ 1 бәсекеге қабілетті өнім
№ 2 бәсекеге қабілетті өнім
1.
2.
Талдау бойынша түсініктемелер: өнімнің бәсекелестік сипаттамаларын таңдауды негіздеу, ақпарат көздеріне сілтемелер.

8.5 8.5 Материалдар (бар болса), («Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» кезеңінде):

- пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
- бағалардың қолжетімділігі мен деңгейі;
- материалдар қажеттілігінің негіздемесі;
- материал жеткізушілерін таңдау негіздемесі.

8.5.1 8.5.1 Материалдар (бар болса) («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде):

- пайдаланылатын материал түрлерінің тізімі мен саны;
- бағалардың қолжетімділігі мен деңгейі;
- материалдар қажеттілігінің негіздемесі;
- материал жеткізушілерін таңдау негіздемесі.

8.6 8.6 Жиынтықтауыштар (бар болса), («Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» кезеңінде):

- қажетті жабдықтардың, материалдар мен жиынтықтауыштардың тізбесі, оларға негізгі техникалық сипаттамалар;
- жабдықтар мен жиынтықтауыштардың құны;
- жиынтықтауыш қажеттілігінің негіздемесі;
- жиынтықтауыш жеткізушілерін таңдау негіздемесі.

8.6.1 8.6.1 Жабдықтар мен жиынтықтауыштар (бар болса), («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде):

- қажетті жабдықтардың, материалдар мен жиынтықтауыштардың тізбесі, оларға негізгі техникалық сипаттамалар;
- жабдықтар мен жиынтықтауыштардың құны;
- жабдықтар мен жиынтықтауыштар қажеттілігінің негіздемесі;
- жабдықтар мен жиынтықтауыштар жеткізушілерін таңдау қажеттілігінің негіздемесі.

8.7 8.7 Үшінші тұлғалар орындайтын жұмыстар мен қызметтер (бар болса):

- сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің тізбесі;
- сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің құны;
- жұмыстар мен қызметтер қажеттілігінің негіздемесі;
- жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерін таңдау негіздемесі.

8.8 8.8. Іссапар шығыстары (бар болса), («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде):

- бару және келу жол құны;
- тұру құны және тәуліктік ақы;
- іссапар қажеттілігінің негіздемесі.

8.9 8.9. Маркетинг шығындары (бар болса), («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде):

- өнімді немесе қызметті жылжыту үшін көрсетілетін қызметтің қажеттілігінің негіздемесі;
- сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі мен саны;
- әр сатып алынатын көрсетілетін қызметтің бағасы;
- көрсетілетін қызмет жеткізушілерін таңдаудың негіздемесі.

9 9. Ұйымдастыру бөлімі (күнтізбелік жоспарды толтыру үшін негіз болады):

9.1 9.1 Ай сайын жоба командасының әрбір мүшесінің жұмысының сипаттамасы, жобаның кезеңдері бойынша жұмыстарды жүргізу реттілігі мен мерзімдерінің сипаттамасы.

9.2 9.2 Ай сайынғы іс-шаралардың нәтижелерінің сипаттамасы және растайтын материалдардың тізбесі.

9.3 9.3 Жобаны іске асыру процесінде жоба командасының мүшелері арасында міндеттерді бөлу.

9.4 9.4 Өтінім беруші мен жобаны іске асыруға тартылған үшінші тұлғалар арасында жоба бойынша жұмыстарды бөлу.

10 10. Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары (іске асырудың әрбір сатысы бойынша барлық жұмыстар рет-ретімен көрсетіледі)

10.1 10.1 Жоба командасының әрбір мүшесімен орындалатын жұмыстар жазылады

10.2 10.2 Орындалуы үшін үшінші тұлғалар және/немесе қоса орындаушылар тартылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жазылады.

11 11. Маркетинг бөлігі:

11.1 11.1 өнім бойынша нарықты талдау келтіріледі;

11.2 11.2 «TAM-SAM-SOM» нарығының көрсеткіштері сипатталады;

11.3 11.3 клиенттердің «портреті» жасалады (Customer Profile);

11.4 11.4 өнімді жылжытудың маркетингтік жоспары жасалады («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде міндетті).

12 12. Қаржы бөлігі (шығыстар сметасын қалыптастыру үшін негіз болып табылады).

Іске асырудың әрбір сатысы бойынша жобаны (шығындарды) орындау кезінде бюджет қаражатын нысаналы пайдалану негізделеді.
Бизнес-жоспарға әрбір саты іс-шарасы бойынша негіздеме ретінде таңдауды растайтын құжаттар: негізгі және балама коммерциялық ұсыныстар, алдын ала шарттар, сілтемелер және т.б. қоса беріледі.

12.1 12.1 жоба командасы мүшелерінің жалақысы (порталға жалақы деңгейін растайтын құжаттар: статистикалық деректер, скриншоттар және ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған ұсыныстар орналастырылған интернет-ресурстарға сілтемелер қоса беріледі:

- жалақы қажеттілігінің есебі келтіріледі;
- жоба командасы мүшелерінің қатысу дәрежесі көрсетіледі (толық - 100%, қоса атқарылатын жұмыс – 50%);
- салықтар мен төлемдер бойынша қолданылатын жеңілдік шарттары көрсетіледі.

12.2 12.2 Жабдықтардың саны мен жеткізушілерді таңдауды көрсете отырып, оларды сатып алу тізбесі мен құны сипатталады («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде);

12.3 12.3 материалдар мен жинақтауыштардың саны мен жеткізушілерді таңдауды көрсете отырып, оларды сатып алу тізбесі мен құны сипатталады.

12.4 12.4 өзге де жұмыстардың және(немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен ақы төлеу құны жобаға қатысуға тартылатын бірлесіп орындаушылардың көрсетілетін қызметтері құнының негіздемесі сипатталады.

12.5 12.5 үй-жайларды жалдау құнының негіздемесі сипатталады, жалға алынатын үй-жайдың ауданына қажеттілік есебі келтіріледі.

12.6

12.6. жоспарланған іссапарлар, тәуліктік, ұшу және тұру құнының негіздемесі (бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде)

12.7 12.7 маркетингтік жоспарға сәйкес маркетингтік шығыстардың құны сипатталады («Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» кезеңінде);

12.8 12.8 мәліметтерді қамтитын Қаржылық модель жасалады (Excel форматында):

кірістер мен шығыстардың болжамы, 5 жылға, ай сайынғы;
ақша қаражатының қозғалысын болжау, 5 жылға, ай сайынғы;,
ақша қаражатының дисконтталған ағыны, 5 жылға, ай сайынғы;
болжамдық теңгерім, 5 жылға, ай сайынғы.

12.9 12.9 бар болған жағдайда компанияның Қаржылық есептілігі ұсынылады:

бухгалтерлік баланс (баптар бойынша таратып жаза отырып),
пайда мен шығындар туралы есеп,
ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп,
капиталдың өзгеруі туралы есеп.

13 13. Экологиялық бөлім:

13.1 13.1 Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі;

13.2 13.2 Жобаның қоршаған ортаға әсері бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.

14 14. Тәуекелдерді талдау:

14.1 14.1 Тәуекелдердің тізбесін (қаржылық, техникалық, құқықтық, коммерциялық, өндірістік, операциялық және т.б.) оны іске асыру ықтималдығын және жобаны іске асыруға әсер ету дәрежесін (төмен, орташа, жоғары) және тәуекелдерді азайтудың/тәуекелдерді азайтудың ықтимал әдістерін көрсете отырып айқындау.

15 15. Күтілетін нәтижелер:

15.1 15.1 Жүзеге асырылатын өнім көлемі (жобаны іске асырудың 2 кезеңі бойынша жеке көрсету қажет);

15.2 15.2 Шығарылатын өнім көлемі натуралды шамада.

_______________ ___________________________
(қолы) (Тегі аты, , әкесінің аты) (ол болған кезде)
Мөр орны (болған жағдайда)
Күнтізбелік жоспар
Жобаның атауы: _________________________________________

4 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 111/НҚ Бұйрыққа
4-қосымша
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру қағидаларына
4-қосымша
Күнтізбелік жоспар
Жобаның атауы: _________________________________________

Жұмыстардың атауы
Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)
Кезеңнің әрбір іс-шарасы бойынша құны (теңге)
Аяқтау нысаны және растайтын материалдар
Кезең: Өнімді жетілдіру және инвестицияларды тартуды қоса алғанда, комммерцияландыру стратегиясын әзірлеу (6 айдан артық емес).
1.
Жоба командасы мүшелерімен орындалатын жұмыстар.
1.1

1.2

2.
Үшінші тұлғалармен орындалатын жұмыстар.
2.1

2.2

3.
Кеңсе үй-жайларын жалға алу.
3.1

3.2

4.
Материалдар мен жинақтауыштарды сатып алу.
4.1

4.2

Кезеңге барлығы:
Кезең: Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру) (12 айдан артық емес).
1.
Жоба командасы мүшелерімен орындалатын жұмыстар.
1.1

1.2

2.
Үшінші тұлғалармен орындалатын жұмыстар.
2.1

2.2

3.
Кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларын жалға алу.
3.1

3.2

4.
Материалдар, жинақтауыштар мен жабдықтарды сатып алу.
4.1

4.2

Кезеңге барлығы:

5 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 111/НҚ Бұйрыққа
5-қосымша
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру қағидаларына
5-қосымша
Шығындар талдамасы бар шығыстар сметасы
Жобаның атауы _________________________________________
__________________________________________________________________
Р/с №
Жұ­мыстар­ды орын­да­у­ға ар­нал­ған шы­ғын­дар
Шы­ғын­дар со­ма­сы
Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
Ба­ға бел­гі­леу бой­ын­ша тү­сін­дір­ме­лер
Есеп­те­улер­де қол­да­ны­ла­тын де­ректер кө­зі
Қо­са қар­жы­лан­ды­ру
Ин­но­ва­ци­я­лық грант
Ин­ве­сти­ци­я­лар (тар­ты­л­ған қа­ра­жат)
Шы­ғын­дар ЖИЫ­НЫ:
0,00
0,00
0,00
оның ішін­де бап­тар мен ке­зең­дер бой­ын­ша:
Ке­зең: өнім­ді же­тіл­ді­ру және комм­мер­ци­я­лан­ды­ру стра­те­ги­я­сын әзір­леу
Ке­зең­ге бар­лы­ғы:
1
жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы
2
үшін­ші тұ­лға­лар және/неме­се бір­ле­сіп орын­да­у­шы­лар орын­дай­тын өзге де жұ­мыстар­ға және (неме­се) қыз­мет­тер­ге ақы тө­леу, оның ішін­де жаб­дық­ты жал­ға алу­ға ақы тө­леу
3
кең­се үй-жай­ла­рын жал­дау
4
Ма­те­ри­ал­дар мен жи­нақ­та­уы­штар­ды са­тып алу
Ке­зең: өнім өн­ді­рі­сін іс­ке қо­су (ен­гі­зу және сүй­е­мел­деу) және оны на­рық­та іс­ке асы­ру (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру)
Ке­зең­ге бар­лы­ғы:
1
жо­ба ко­ман­да­сы­ның жа­ла­қы­сы
2
үшін­ші тұ­лға­лар және/неме­се бір­ле­сіп орын­да­у­шы­лар орын­дай­тын өзге де жұ­мыстар­ға және (неме­се) қыз­мет­тер­ге ақы тө­леу, оның ішін­де жаб­дық­ты жал­ға алу­ға ақы тө­леу
3
кең­се үй-жайы және (неме­се) өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­ды жал­дау
4
ма­те­ри­ал­дар, жи­нақ­та­уы­штар мен жаб­дық­тар­ды са­тып алу
5
іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
6
мар­ке­тинг шы­ғы­ста­ры

Қолданыстағы