О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 366/НҚ «Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 366/НҚ «Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов»
- Атауы (қаз.)
- «Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 366/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 82/НҚ
- Қабылданған күні
- 10.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2022 165198_563752.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027092
- ЭКБ идентификаторы
- 165198
- Редакция идентификаторы
- 165198_563752
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:12
0 «Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 366/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 366/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21360 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 82/НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 366/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1 1) инновациялық грант – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
2 2) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті берілген ұлттық даму институты;
3
3) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруды салааралық үйлестіруді және оған қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4 4) өтінім беруші – инновациялық грантты алуға арнаған өтінім берген жеке және (немесе) заңды тұлға.
2 2-тарау. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу тәртібі
3
3. Инновациялық гранттар беру жөніндегі инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу тиісті қаржы жылына бюджеттік бағдарламамен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен уәкілетті орган және инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалған шартта көзделген шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтерінің құны: