Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № ҚР ДСМ-59/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на медицинскую деятельность»

Бұйрық · № 91 · қабылданған 30.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2020-no-592020-ekb-182373/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № ҚР ДСМ-59/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на медицинскую деятельность» Қолданыста Бұйрық ·№ 91 ·30.05.2023
30.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № ҚР ДСМ-59/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на медицинскую деятельность»

Қолданыста Бұйрық ·№ 91 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № ҚР ДСМ-59/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на медицинскую деятельность»
Атауы (қаз.)
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
91
Қабылданған күні
30.05.2023
Көрсетілген редакция
30.05.2023 182373_636590.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032650
ЭКБ идентификаторы
182373
Редакция идентификаторы
182373_636590
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:39

0 «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020

бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 20809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 8-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «www.egov.kz», «www.elicense.kz» (бұдан әрі –портал) жібереді.»;
8,9,10-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;
2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
3) медициналық қызметке лицензияның бар/жоғы туралы;
4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын («электрондық үкімет» шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮШ) мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын;
5) ЭҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;
6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы;
7) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімінің бар/жоғы туралы;
8) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімінің бар/жоғы туралы;
9) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;
10) мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының бар/жоғы туралы;
11) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда) мәлімет алады;
12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі -өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЭҮШ болған жағдайда).
Қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).
9. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың және портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.
10. Егер құжаттар Тізбенің 8-тармағына сәйкес толық көлемде ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші:
1) портал арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді келісу туралы сұрау салу жібереді;
2) ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тәртіп бойынша тыңдау жүргізеді;
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға алғаш өтінім берілген өндірістік базада рұқсат беру бақылауын (лицензия берілгенге дейін) жүргізеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Рұқсаттық бақылау барысында (өндірістік базаға барған кезде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді. »;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» қағидаларының осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
2023 жылғы « » _________

0 «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 30 мамырдағы
№ 91 бұйрығына
қосымша
«Медициналық қызметке
лицензия беру» мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«www.​egov.​kz», «www.​elіcense.kz» «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру ке­зін­де – 13 (он үш) жұ­мыс кү­ні;
ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
қа­ғаз ны­сан­да бе­рі­л­ген ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу, ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сы не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы көр­се­ті­ле­ді, мы­на­дай ли­цен­зи­я­лық алым алы­на­ды:
1) ли­цен­зи­я­ны бе­ру үшін – 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі – АЕК);
2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін - ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі став­ка­ның 10 %-ы, бі­рақ 4 АЕК-дан ас­пай­ды;
3) ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін - ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі став­ка­ның 100 %-ы.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал­да - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар және мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі:
1) ли­цен­зи­я­ны және ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін:
осы қа­ғи­да­ның 2-қо­сым­ша­ға (же­ке тұ­лға­лар үшін), 3-қо­сым­ша­ға (заң­ды тұ­лға­лар үшін) сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
осы Тіз­бе­нің 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес мә­лі­мет­тер мен құ­жат­тар­дың бар/жо­ғын рас­тай­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
жо­ға­ры неме­се ор­та ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы ди­плом (2015 жы­л­ға дей­ін оқу­ды бі­тір­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін);
«Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және бей­ре­сми бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы қо­сым­ша және бей­ре­сми бі­лім бе­ру­дің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын, сон­дай-ақ ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және бей­ре­сми бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № ҚР ДСМ-303/2020 бұй­ры­ғы­на сәй­кес қай­та да­яр­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы ку­ә­лік оқу нәти­же­ле­рін та­ну, қо­сым­ша және бей­ре­сми бі­лім бе­ру ар­қы­лы ал­ған (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21847 бо­лып тір­кел­ген);
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сі­нің 35-ба­бы­на сәй­кес мә­лім­дел­ген қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­ріне сәй­кес қыз­мет­кер­дің ең­бек қыз­ме­тін (ЭҮШ-да қыз­мет­кер­лер­дің бей­ін­де­рі және ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер болған жағ­дай­да); мен­шік құқы­ғын неме­се жал­ға алу шар­тын неме­се жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті (неси­е­ні) өте­у­сіз пай­да­ла­ну неме­се мү­лік­ті се­нім­гер­лік бас­қа­ру шар­тын неме­се мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­тын (ЭҮШ-да мә­лі­мет­тер болған жағ­дай­да)ку­әлан­ды­ра­тын рас­тай­тын құ­жат;
2) ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де;
осы Тіз­бе­нің 2-қо­сым­ша­ға (же­ке тұ­лға­лар үшін) және 3-қо­сым­ша­ға (заң­ды тұ­лға­лар үшін) сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
ақ­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы қай­та ре­сім­дел­ген ли­цен­зи­я­ны ал­ған кез­де бұ­рын қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­рі­л­ген ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге қай­та­ра­ды.
3) ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның­тел­нұс­қа­сын алу үшін:
осы Тіз­бе­нің 4-қо­сым­ша­ға (же­ке тұ­лға­лар үшін) және 5-қо­сым­ша­ға (заң­ды тұ­лға­лар үшін) сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың, ше­тел­дік заң­ды тұл­ға­ның фи­ли­а­лы­ның осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­на­ды;
2) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді;
4) ли­цен­зи­ар ти­іс­ті ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­нан мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға сон­дай-ақ рұқ­сат­тық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша те­ріс қо­ры­тын­ды ал­ды;
5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­мы негі­зін­де сот өті­ніш бе­ру­ші-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­ла­ды;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту мә­се­ле­ле­рін рет­тей­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің бұй­рық­та­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бар, оның негі­зін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы "же­ке ка­би­не­ті", сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген kmfk@​dsm.​gov.​kz.
4. Дене мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, За­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі-1414, 8-800- 080-7777.

Қолданыстағы