Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2021 года № 202 «Об основных условиях кредитования бюджета Карагандинской области на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год»

Қаулы · № 501 · қабылданған 19.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2021-no-202-2021-ekb-157165/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2021 года № 202 «Об основных условиях кредитования бюджета Карагандинской области на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год» Қолданыста Қаулы ·№ 501 ·19.07.2021
19.07.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2021 года № 202 «Об основных условиях кредитования бюджета Карагандинской области на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 501 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2021 года № 202 «Об основных условиях кредитования бюджета Карагандинской области на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год»
Атауы (қаз.)
«Қарағанды облысының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
501
Қабылданған күні
19.07.2021
Көрсетілген редакция
19.07.2021 157165_532185.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000501
ЭКБ идентификаторы
157165
Редакция идентификаторы
157165_532185
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:31

0 «Қарағанды облысының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қарағанды облысының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы»;
1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2. Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары мәслихат 2021 жылға арналған облыстық бюджетте және астана бюджетінде тиісті түсімдерді көздейтін шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мәслихаттың көрсетілген шешімін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарт жасасуды;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне бюджеттік кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылы бөлінген бюджеттік кредиттің игерілуіне мониторингті қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит берудің 2021 жылға арналған негізгі шарттары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 202 қаулысымен
бекітілген
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1

1) «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысында көзделген 224 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 8714350000 (сегіз миллиард жеті жүз он төрт миллион үш жүз елу мың) теңге сомасындағы және 042 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 37940000 (отыз жеті миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;

2 2) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 6 (алты) жылдан аспауға тиіс;

3 3) бюджеттік кредитті игеру кезеңі бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға аударылған кезден бастап есептеледі және 2022 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

Қолданыстағы