О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2021 года № 202 «Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской, Мангистауской, Западно-Казахстанской областей и бюджета города Нур-Султана на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2021 года № 202 «Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской, Мангистауской, Западно-Казахстанской областей и бюджета города Нур-Султана на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 04.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2022 167281_572656.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000278
- ЭКБ идентификаторы
- 167281
- Редакция идентификаторы
- 167281_572656
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:05
0
«Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттарында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысында көзделген 224 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 8081866000 (сегіз миллиард сексен бір миллион сегіз жүз алпыс алты мың) теңге сомасындағы және 042 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 37940000 (отыз жеті миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға 2021 жылға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;».