О внесении изменений в решение маслихата от 1 ноября 2021 года № 62 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Костанай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 1 ноября 2021 года № 62 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Костанай»
- Атауы (қаз.)
- «Қостанай қаласында мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 15.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2024 202966_729293.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NA103091
- ЭКБ идентификаторы
- 202966
- Редакция идентификаторы
- 202966_729293
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:39
0 «Қостанай қаласында мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қостанай қаласында мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25124 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
мемлекеттік тілде көрсетілген шешіммен бекітілген 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.».