О внесении изменений в решение Узункольского районного маслихата от 1 ноября 2021 года № 70 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Узункольском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Узункольского районного маслихата от 1 ноября 2021 года № 70 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Узункольском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ұзынкөл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 70 «Ұзынкөл ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 01.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2024 202387_726810.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NS103041
- ЭКБ идентификаторы
- 202387
- Редакция идентификаторы
- 202387_726810
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:57
0 Ұзынкөл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 70 «Ұзынкөл ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданында жеке оқу
жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 1 қарашадағы № 70 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 25179 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ұзынкөл ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік -еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шығындарды өтеу ережесі).»;
көрсетілген шешімге қосымшаның 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды жеке оқу жоспары бойынша өтеуді (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.»;
көрсетілген шешімге қосымшаның 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
көрсетілген шешімге қосымшаның 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шығындарды өтеу қағидаларына 1 немесе 2 – қосымшаға сәйкес, қызметтер мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу шығындарды өтеу қағидаларына 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».