Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 1 апреля 2022 года № 120 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска»

Қаулы · № 54 · қабылданған 13.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2022-no-120-ekb-193348/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 1 апреля 2022 года № 120 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска» Қолданыста Қаулы ·№ 54 ·13.02.2024
13.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 1 апреля 2022 года № 120 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска»

Қолданыста Қаулы ·№ 54 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 1 апреля 2022 года № 120 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска»
Атауы (қаз.)
Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
54
Қабылданған күні
13.02.2024
Көрсетілген редакция
13.02.2024 193348_684107.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24ND00054A
ЭКБ идентификаторы
193348
Редакция идентификаторы
193348_684107
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:13

0 Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Лисаков қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
21) бөлімнің қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың құрылуы мен қызметін үйлестіреді.»;
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
«Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2 2. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етілуін;

2

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдануын;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы