О внесении изменений в постановление акимата города Лисаковска от 1 апреля 2022 года № 120 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Лисаковска от 1 апреля 2022 года № 120 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска»
- Атауы (қаз.)
- «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 08.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2025 206914_742937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25ND00004A
- ЭКБ идентификаторы
- 206914
- Редакция идентификаторы
- 206914_742937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:25
0 «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Лисаков қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Бөлімнің ведомстволық бағыныстағы мекемелері бар:
1) «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
2) «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
15-тармақтың 2)-тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;»;
15-тармақтың 6), 12), 13)-тармақшалары алып тасталсын;
19-тармақтың 20 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
«Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын;
«Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын.»;
24-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етілуін;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдануын;