О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 1 июня 2022 года № 2/242 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управления молодежной политики города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 1 июня 2022 года № 2/242 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управления молодежной политики города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 шілдедегі № 2/242 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/422
- Қабылданған күні
- 29.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2025 210841_761858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25R002422A
- ЭКБ идентификаторы
- 210841
- Редакция идентификаторы
- 210841_761858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:08
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 шілдедегі №2/242 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/242 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
«Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырады;
16-2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
16-3) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмысты үйлестіруге қатысады;
16-4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;».
2 2. «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) Алматы қаласының әділет органдарына «Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжатына енгізілген толықтырулар туралы хабарлауды;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.