Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ «Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также инфо

Бұйрық · № 55-НҚ · қабылданған 29.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2022-no-314-ekb-192956/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ «Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также инфо Қолданыста Бұйрық ·№ 55-НҚ ·29.01.2024
29.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ «Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также инфо

Қолданыста Бұйрық ·№ 55-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ «Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также инфо
Атауы (қаз.)
«Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қ
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55-НҚ
Қабылданған күні
29.01.2024
Көрсетілген редакция
29.01.2024 192956_683660.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400033946
ЭКБ идентификаторы
192956
Редакция идентификаторы
192956_683660
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:23

0

«Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерді, QazVac препаратын өндірушілерді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өтініш берушілер, сондай-ақ өздеріне қатысты сот оларды банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімдері заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім берген жылдың алдындағы соңғы екі жылда еңбекақы төлеу қорының кемінде 10% мөлшерінде өсуге қол жеткізбеген өтініш берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланбайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының жанама салықтары (қосылған құн салығы және акциздер) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалары мен 10-тармағында 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір өтініш берушіге 13 000 (он үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспауы тиіс.
Инвестициялық жобаны (инвестициялық басым жобаны және (немесе) арнайы инвестициялық жобаны) іске асыратын заңды тұлға өтініш беруші болып табылатын өтінімдерді қоспағанда, осы Қағидалардың 9-тармағының, 9) тармақшада көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:
1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 100% мөлшерін;
2) орташа бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 80% мөлшерін;
3) төменгі бөліністер үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.
Өтінім беруші ресми өкіл (дистрибьютор)/трейдер/еншілес компания болып табылатын өтінімдер бойынша осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:
1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп, өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 100% мөлшерін;
2) орташа бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 80% мөлшерін;
3) төменгі бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.
Бұл ретте, өтінімдерді ағымдағы қаржы жылына бір ғана өтініш беруші (бір/бір еншілес компания, ресми өкіл (дистрибьютор/трейдер) береді.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 303 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28283 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді (бұдан әрі – Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28282 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді (бұдан әрі – Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім) жасасқан өтініш берушілерді қоспағанда, ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір отандық өндірушіге (өндірілген өнімді өткізетін өтініш берушінің еншілес компаниялары мен ресми өкілдіктері (дистрибьюторлары) берген өтінімдер санына қарамастан) 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК аспауы тиіс.
Тауарларды өз автокөлігімен жеткізу кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу жүрістің 1 (бір) километріне 0,04 АЕК есебінен жүргізіледі. Қашықтықты есептеу ашық көздерден, жүкті түсіру пунктінен интернет ресурстардан және халықаралық тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген жүкті тиеу орнынан есептеледі.
Егер өтініш беруші көліктің бірнеше түрі пайдаланылған тасымалдау шығындарын шеккен болса, онда көліктің әрбір түрі бойынша шығындардың бір бөлігі осы тармақтың шарттарына сәйкес өтелетін болады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы