Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 1 марта 2022 года № 5 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-149 · қабылданған 01.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2022-no-5/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 1 марта 2022 года № 5 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-149 ·01.12.2022
19.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 1 марта 2022 года № 5 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-149 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 1 марта 2022 года № 5 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалықбайқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-149
Қабылданған күні
01.12.2022
Көрсетілген редакция
19.10.2023 174661_661345.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030909
ЭКБ идентификаторы
174661
Редакция идентификаторы
174661_661345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:29

0 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалықбайқаулардың статистикалық нысандары

мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру» жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектігі бар балалар бойынша есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

0 «Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-149 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросы басшысының
2022 жылғы 1 наурыздағы
№ 5 бұйрығына
10-қосымша
«Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық)
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

1. Осы «Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта Заңда және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады:

бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.

3. Статистикалық нысанды барлық емдеу - профилактикалық ұйымдар толтырады.

Заңды тұлға орналасқан жері бойынша статистикалық нысанды өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бойынша деректерсіз, басқа облыстардың аумағында орналасқан және олардың орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

4. 1000-кестеге осы ұйымда байқалатын 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны мен қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.

1, 2-бағандарда есепті жылдың басында мүгедектігі бойынша есепте тұрған балалар саны көрсетіледі.
3, 4-бағандарда осы ұйым қызмет көрсететін ауданда мүгедектігі бойынша есепке алынған, сондай-ақ есепті жылы жаңадан келген балалардың саны көрсетіледі.
5, 6, 7, 8-бағандарда диагнозын өзгерте отырып және қайтыс болуы бойынша есептен шығарылған мүгедектігі бар балалардың саны көрсетіледі.
9-бағанда есепті кезеңнің соңындағы мүгедектігі бойынша есепте тұрған балалардың саны көрсетіледі (деректер «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізіміндегі № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы» нысанының (№ 052/е нысаны) – 9, 10-бағандардан алынады).

5. 1001-кестеде 16 жасқа толуына және кетуіне байланысты бақылаудан шыққан мүгедектігі бар балалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

6. Арифметикалық-логикалық бақылау:

1) 9-баған = 1-баған + 3-баған – 5-баған – 7-баған-кестенің – - 1001-кестенің 1-тармағы – 1001-кестенің 2-тармағы әрбір жолдар бойынша;

2) 10-баған = 2-баған + 4-баған – 6-баған – 8-баған – 1001-кестенің 3-тармағы әрбір жолдар бойынша;

3) 9-баған = 1-баған + 3-баған – 5-баған – 7-баған;

4) 10-баған = 2-баған + 4-баған – 6-баған – 8-баған.

Қолданыстағы