Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения обязательных требований в отношении отдельных колесных транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и проведения оценки их соответствия

Қаулы · № 555 · қабылданған 12.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2022/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения обязательных требований в отношении отдельных колесных транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и проведения оценки их соответствия Қолданыста Қаулы ·№ 555 ·12.07.2023
12.07.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения обязательных требований в отношении отдельных колесных транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и проведения оценки их соответствия

Қолданыста Қаулы ·№ 555 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения обязательных требований в отношении отдельных колесных транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и проведения оценки их соответствия
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
555
Қабылданған күні
12.07.2023
Көрсетілген редакция
12.07.2023 183939_642819.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000555
ЭКБ идентификаторы
183939
Редакция идентификаторы
183939_642819
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:55

0 Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешімінің 1-тармағының б) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын елдерден Қазақстан Республикасының азаматтары 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасына әкелген М1 санатындағы бірлі-жарым көлік құралдарына (бұдан әрі – көлік құралдары) қолданылады.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) айналысқа шығару – мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын (шассиді) шектеусіз пайдалануға және оған билік етуге рұқсат беру;

2 2) бастапқы тіркеу – көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу;

3

3) Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидалары (БҰҰ қағидалары) – 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімге (бұдан әрі – 1958 жылғы келісім) сәйкес қабылданған және 1958 жылғы Келісімге қосымша болып табылатын техникалық нұсқамалар.

4 4) Қазақстан Республикасының Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі – (бұдан әрі – ҚР КҚКҚК) айналысқа шығарылатын көлік құралының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын және сынақ зертханасы беретін көлік құралының сәйкестігін бағалау туралы құжат;

5 5) көлік құралының конструкциясын техникалық сараптау – көлік құралының конструкциясын және оған техникалық құжаттаманы сынақтар жүргізбей талдау;

6 6) сәйкестендіру – көлік құралында (шассиде) немесе оның компоненттерінде бар зауыттық таңбаның және өтініш беруші тапсырған құжаттамадағы немесе сәйкестікті растайтын құжаттардағы деректердің бірдейлігін көлік құралын (шассиді) немесе оның компоненттерін бөлшектемей белгілеу;

7

7) сынақ зертханасы – құзыреті ISO 17025 стандартының талаптарына сәйкес келетін, Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген және көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мәлімдеген аккредиттелген сынақ зертханалары.

3 3. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптар қолданылатын және олардың сәйкестігін бағалау жүргізілетін көлік құралдары 12 000-нан (он екі мыңнан) аспайды.

4

4. Осы Қағидаларда Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – Техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды алу және ұсыну рәсімін ҚР КҚКҚК – сәйкестікті бағалау туралы жеткілікті құжат ретінде айқындау есебінен қолдану көзделеді.
Осы Қағидалардың талаптары бойынша сәйкестікті бағалаудан өткен және ҚР КҚКҚК алған көлік құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеуге жатады.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу тәртібі

5 5. Көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу үшін өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі органға:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім (бұдан әрі – өтінім);

2 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3 3) көлік құралын иелену немесе пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;

4 4) көлік құралының Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінгенін растайтын құжатты (кедендік жүк декларациясы не Бірыңғай сақтандыру дерекқорында растауы бар көлік құралына қатысты 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін алынған сақтандыру полисі);

5 5) жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын көлік құралдары үшін көлік құралына сәйкестендіру нөмірін беру туралы құжатты;

6 6) ҚР КҚКҚК ресімдеу үшін жеткілікті көлемдегі көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасын;

7 7) көлік құралдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдарды (бар болса) ұсынады, мынадай құжаттардың бірі осындай материалдар болып табылады:

компоненттерге арналған сертификаттардың көшірмелері;
өнім дайындалатын конструкторлық немесе өзге де техникалық құжаттама;
түпнұсқа бөлшектердің сызбалары және олардың өндірісінің технологиялық карталары немесе тиісті эскиздік құжаттама.

6 6. Сынақ зертханасы өтінімді қарайды және өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетінің ұсынылмауы көлік құралының сәйкестігін растауды жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

7 7. Сынақ зертханасы өтініш берушімен сәйкестікті бағалауды жүргізу мерзімдерін келіседі.

8 8. Сәйкестікті бағалау толық жинақталған көлік құралдарына ғана жүргізіледі.

9

9. Сынақ зертханасы сәйкестендіру мақсатында көлік құралын, оның ішінде сәйкестендіру нөмірі бойынша тексеріп-қарайды, көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама, сынақ жүргізеді және өлшейді, олардың нәтижелері бойынша көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама хаттамасын ресімдейді.
Көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама жүргізген кезде сынақ зертханасы осы Қағидалардың 11-13-тармақтарында және Техникалық регламентке 4–6-қосымшаларда, 7-қосымшаның 4-тармағында көзделген талаптардың орындалуын тексереді (Техникалық регламентке 4-қосымшаның 4, 5-бөлімдерінің ережелерін қоспағанда).

10

10. Техникалық регламенттің 70-тармағына сәйкес өтініш беруші БҰҰ-ның № 10 – 12, 14, 16 – 18, 21, 26, 34, 39, 46, 48, 58, 73 және 107-қағидаларында көзделген көлік құралының типін ресми бекіту туралы хабар ұсынған кезде Техникалық регламентке 4-қосымшаның тиісті бөлімдері бойынша техникалық сараптама жүргізілмейді.

11 11. Өтінімді қарау және ол бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша сынақ зертханасы өтінім берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР КҚКҚК береді.

12 12. Көлік құралы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ол сәйкестікке келтіріледі және талаптардың орындалуын қайта тексеру үшін сынақ зертханасына ұсынылады.

13 13. Талаптардың орындалуын тексеруге қатысы бар құжаттама сынақ зертханасының архивінде кемінде бес жыл сақталады.

14

14. Сынақ зертханасы ҚР КҚКҚК бекітілгенмен кейін үш жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге қолма-қол, пошта арқылы не электрондық адреске тапсырады/жолдайды және ҚР КҚКҚК көшірмесі мен осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес құжатты техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

15

15. Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган сынақ зертханасынан осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес құжаттарды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР КҚКҚК-ні көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін, маркаларын және коммерциялық атауларын көрсете отырып, ҚР КҚКҚК тізілімінде тіркейді.
___________________________

1 Сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім

Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім
_____________________________________________________________________________
(сынақ зертханасының толық атауы)
жеке тұлға
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі,
электрондық пошта мекенжайы)
_________________________________________________________________________ көлік
(көлік құралының атауы және шартты белгісі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі,
көлік құралын жасаушының атауы)
құралының сәйкестігіне бағалау жүргізуді сұраймын.
20 __ жылғы «__» ____ (қолы)
Қоса беріліп отырған құжаттар
20 __ жылғы «__» ____ (қолы)
__________________________

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІ

Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІ
№ ________________
АККРЕДИТТЕЛГЕН СЫНАҚ
ЗЕРТХАНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ,
АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
МАР­КА­СЫ
КОМ­МЕР­ЦИ­Я­ЛЫҚ АТА­УЫ
ТИ­ПІ
БА­ЗА­ЛЫҚ КӨ­ЛІК ҚҰ­РА­ЛЫ/ШАС­СИ
бас­қа дай­ын­да­у­шы­ның ба­за­лық кө­лік құ­ра­лы/шас­сиі пай­да­ла­ны­л­ған кез­де ға­на (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кө­лік құ­ра­лы­ның ти­пін ма­құл­да­уды ре­сім­де­ген кез­де)
СӘЙ­КЕСТЕН­ДІ­РУ НӨ­МІ­РІ (VIN)
ШЫ­ҒА­РЫ­Л­ҒАН ЖЫ­ЛЫ
СА­НА­ТЫ
ЭКО­ЛО­ГИ­Я­ЛЫҚ СЫ­НЫП
ӨТІ­НІШ БЕ­РУ­ШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕ­КЕН­ЖАЙЫ
ӨН­ДІ­РУ­ШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕ­КЕН­ЖАЙЫ
ҚҰ­РА­С­ТЫ­РУ ЗА­УЫ­ТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕ­КЕН­ЖАЙЫ
бар бол­са
КӨ­ЛІК ҚҰ­РА­ЛЫ­НЫҢ ЖАЛ­ПЫ СИ­ПАТТА­МА­ЛА­РЫ
Дөң­ге­лек фор­му­ла­сы / же­тек дөң­ге­лек­те­рі
Кө­лік құ­ра­лы­ның ор­на­ла­су схе­ма­сы
Қоз­ғалт­қы­штың ор­на­ла­суы
Ша­нақ ти­пі/есік­тер са­ны (М са­на­ты үшін)
Оты­ру­ға ар­нал­ған орын­дар­дың са­ны (қа­тар­ға бө­лі­не­ді)
Га­ба­рит­тік өл­шем­де­рі, мм
ұзынды­ғы
ені
би­ік­ті­гі (кон­тей­нер та­сығ­ы­штар үшін-ти­еу, ең жо­ға­ры рұқ­сат еті­л­ген би­ік­ті­гі)
Ба­за, мм
Ал­дың­ғы/арт­қы дөң­ге­лек­тер жол­та­ба­ны, мм
Жа­рақ­тал­ған күй­де­гі кө­лік құ­ра­лы­ның сал­ма­ғы, кг
Кө­лік құ­ра­лы­ның тех­ни­ка­лық рұқ­сат еті­л­ген ең жо­ға­ры сал­ма­ғы, кг
Ги­брид­ті кө­лік құ­ра­лы­ның си­патта­ма­сы:
сырт­қы көз­ден қай­та за­ряд­тау көз­дел­ген неме­се көз­дел­ме­ген; көз­дел­ген жұ­мыс ре­жим­де­рі (тіз­бе­леу): тек іш­тен жа­ну қоз­ғалт­қы­шы, тек бі­рік­ті­рі­л­ген электр қоз­ғалт­қы­шы (осы жұ­мыс ре­жи­мі­нің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы)
Іш­тен жа­ну қоз­ғалт­қы­шы (мар­ка­сы, ти­пі)
ци­лин­др­лер­дің са­ны мен ор­на­ла­суы
ци­лин­др­лер­дің жұ­мыс кө­ле­мі, см3
ең жо­ға­ры қу­ат, кВт (мин.-1)
Отын
Қо­рек жүй­е­сі (ти­пі)
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар­ды шы­ға­ру және бей­та­рап­тан­ды­ру жүй­е­сі
Элек­тро­мо­биль электр қоз­ғалт­қы­шы (ти­пі)
Жұ­мыс кер­не­уі, В
Ең жо­ға­ры 30 ми­нут­тық қу­ат, кВт
Энер­ги­я­ны жи­нақ­тау құ­ры­л­ғы­сы
(тұ­рақ­ты неме­се ай­ны­ма­лы ток, ай­ны­ма­лы ток жағ­дай­ын­да-син­хрон­ды неме­се асин­хрон­ды, фа­за­лар са­ны)
(тек элек­тро­мо­биль­дер мен ги­брид­ті кө­лік­тер үшін)
(ба­та­рея, кон­ден­са­тор, сер­мер / ге­не­ра­тор)
Транс­мис­сия (ти­пі)
(транс­мис­сия схе­ма­сы­ның си­патта­ма­сы)
Электр ма­ши­на­сы: (мар­ка­сы, ти­пі)
(әр электр ма­ши­на­сы­ның си­патта­ма­сы: негіз­гі функ­ция (қоз­ғалт­қыш неме­се ге­не­ра­тор), тұ­рақ­ты неме­се ай­ны­ма­лы ток.
Жұ­мыс кер­не­уі, В
Ең жо­ға­ры 30 ми­нут­тық қу­ат, кВт
Ілі­ні­су (мар­ка­сы, ти­пі)
Бе­рі­ліс қо­ра­бы (мар­ка­сы, ти­пі)
Ас­па­сы
Ал­дың­ғы (си­патта­ма)
Арт­қы (си­патта­ма)
Руль­дік бас­қа­ру (си­патта­ма)
Те­жеу жүй­е­ле­рі
Жұ­мыс (си­патта­ма)
Қо­сал­қы (си­патта­ма)
Тұ­рақ (си­патта­ма)
Ши­на­лар
өл­шем­ді бел­гі­леу
Кө­лік құ­ра­лы­ның жаб­дық­та­ры
Ресімделген күні _____________________
Сынақ зертханасының жетекшісі (оның орынбасары)
_______________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мөрі (бар болса)
___________________________

Қолданыстағы