Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 1 июня 2023 года № 104 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях области Абай»

Қаулы · № 115 · қабылданған 21.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2023-no-104-ekb-199268/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 1 июня 2023 года № 104 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях области Абай» Қолданыста Қаулы ·№ 115 ·21.06.2024
21.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 1 июня 2023 года № 104 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях области Абай»

Қолданыста Қаулы ·№ 115 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 1 июня 2023 года № 104 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях области Абай»
Атауы (қаз.)
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115
Қабылданған күні
21.06.2024
Көрсетілген редакция
21.06.2024 199268_713008.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24F0030418
ЭКБ идентификаторы
199268
Редакция идентификаторы
199268_713008
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:56

0 Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Абай облысы әкімдігінің «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы м.а.
____________________ А. Алдабергенов
2024 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысының м.а.
____________________ А. Токтабаева
2024 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы басшысының м.а.
____________________ М. Керимжанов
2024 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекцияның басшысы
____________________ М. Жәдігер ұлы
2024 жылғы «_____» _____________

7 Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар

Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 115 қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «1» маусымдағы
№ 104 қаулысына
қосымша
Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы
көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар
№ Р/с
Су объектінің/су шаруашылығы құрылысының атауы
Жүзудің белгіленген шекараларындағы халықтың жаппай демалатын орындары
Орналасқан жері
Бесқарағай ауданы
1.
«Шошқалы» көлі
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Қарабас ауылдық округі
Бородулиха ауданы
2.
Шүлбі су қоймасы
«Жанай» демалыс базасы
«Нұрсұлтан» демалыс базасы
Жерновка ауылдық округі,
аудан орталығы Бородулиха ауылынан 65 км қашықтықта орналасқан
3.
Жерновские көлдері
«Адал компани» демалыс базасы
Жерновка ауылдық округі,
аудан орталығы Бородулиха ауылынан 35 км таспалы реликті бордың тереңдігінде орналасқан
4.
Михайловские көлдері
«Кристалл» балалардың сауықтыру лагері
Подборный ауылдық округі,
Семей қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан.
«Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында
5.
Большое көлі
Көпшіліктің демалуы үшін
пайдаланылатын жағажай
Бородулиха ауылы
Жарма ауданы
5.
Арасан көлі
«Жарма Арасан» сауықтыру орталығы
Қалбатау ауылдық округі,
Қалбатау ауылынан 12 км солтүстік-шығысқа қарай
Үржар ауданы
6.
Алакөл көлі
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Қабанбай ауылдық округі
Семей қаласы
7.
Ертіс өзені
«Заря» коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Понтон көпірінің сол жағалауы,
Мелькомбинат ауданы
8.
Ертіс өзені
«Пристань» коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Пристань ауданы
Курчатов қаласы
9.
Ертіс өзені
№ 1 қалалық жағажай
Маяк қонақ үйі ауданында
10.
Ертіс өзені
№ 2 қалалық жағажай
№ 2 ЖОББМ, № 1 ЖОББМ ауданында
11.
Ертіс өзені
№ 3 қалалық жағажай
Саяжай алабы ауданында

Қолданыстағы