Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»

Бұйрық · № 366-НҚ · қабылданған 08.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2023-no-271-ekb-185987/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын» Қолданыста Бұйрық ·№ 366-НҚ ·08.09.2023
08.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»

Қолданыста Бұйрық ·№ 366-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»
Атауы (қаз.)
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
366-НҚ
Қабылданған күні
08.09.2023
Көрсетілген редакция
08.09.2023 185987_655411.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033400
ЭКБ идентификаторы
185987
Редакция идентификаторы
185987_655411
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:54

0 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің арасынан «Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы», «Әдебиет, театр және кино», «Журналистика және креативті бастамалар», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Ғылым» бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган Комиссия шешімі негізінде сыйлықты беру жылының 10 желтоқсанға дейін сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды.
15. Сыйлықты беру туралы бұйрық Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Сыйлықтар салтанатты түрде беріледі, марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күніне орайластырылады.
Уәкілетті орган тиісті жылдың 20 (жиырмасыншы) желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 366-НҚ бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрыққа
2-қосымша
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының
номинациялары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1 1. Әдебиет;

2 2. Ғылым;

3 3. Дизайн және бейнелеу өнері;

4 4. Журналистика;

5 5. Классикалық музыка;

6 6. Креативті бастамалар;

7 7. Спорт;

8 8. Театр және кино;

9 9. Эстрада;

10 10. Халық шығармашылығы.

Қолданыстағы