Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»

Бұйрық · № 275-НҚ · қабылданған 13.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2023-no-271/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын» Қолданыста Бұйрық ·№ 275-НҚ ·13.06.2025
13.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»

Қолданыста Бұйрық ·№ 275-НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»
Атауы (қаз.)
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
275-НҚ
Қабылданған күні
13.06.2025
Көрсетілген редакция
13.06.2025 211331_770287.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036291
ЭКБ идентификаторы
211331
Редакция идентификаторы
211331_770287
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:54

0 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің қатарынан «Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы», «Әдебиет, театр және кино», «Журналистика және қоғамдық қызмет», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Ғылым» бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қажетті дауыс саны болмаған кезде сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Уәкілетті орган конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды.
15. Сыйлықты беру туралы бұйрық уәкілетті органның интернет-ресурсын қоса алғанда, масс-медиада жарияланады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі.
Уәкілетті орган ақшалай сыйақыны сыйлықты беру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыйлыққа ие болған адамның банктік шотына аударады.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2025 жылғы 13 маусымдағы
№ 275-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрығына
2-қосымша
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының
номинациялары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1 1. Әдебиет;

2 2. Ғылым;

3 3. Дизайн және бейнелеу өнері;

4 4. Журналистика;

5 5. Классикалық музыка;

6 6. Қоғамдық қызмет;

7 7. Спорт;

8 8. Театр және кино;

9 9. Эстрада;

10 10. Халық шығармашылығы.

Қолданыстағы