О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер–Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 364 «Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 1)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер–Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 364 «Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 1)»
- Атауы (қаз.)
- «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 364 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 21.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2025 209358_754612.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25G0000117
- ЭКБ идентификаторы
- 209358
- Редакция идентификаторы
- 209358_754612
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:58
0 «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 364 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 364 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33389 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Теміржол және су көлігіндегі қозғалыспен, қопару жұмыстары өндірісімен, қопару материалдары және улы заттарды сақтау және қолданумен, көтеру-тасымалдау жабдықтарында, қазандық құрылғыларында, қысыммен істейтін аппараттар мен ыдыстарда қызмет көрсетумен байланысты немесе оларды орындаудың ерекше талаптары көзделген өзге де жұмыстарда істейтін жұмысшылар қолданыстағы сол талаптарды біледі және сақтайды әрі қажет болған жағдайларда тиісті құжаты (қопарушының тиісті бірыңғай кітапшасы, дәнекершінің дипломы, куәлігі) бар болады.
Тиісті кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында баяндалған бақылау-қабылдау функцияларын орындайтын жұмысшылар берілген біліктілік деңгейіне сәйкестікке және бақыланатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды білуге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы
1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес аттестациядан өтеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;