О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 1 августа 2023 года № 374 и Министра просвещения Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 243 «Об утверждении методики расчетов премии государства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 1 августа 2023 года № 374 и Министра просвещения Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 243 «Об утверждении методики расчетов премии государства»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 31.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2025 208622_751642.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035891
- ЭКБ идентификаторы
- 208622
- Редакция идентификаторы
- 208622_751642
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:19
0 «Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33245 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру жинақтау салымдары мен білім беру жинақтау сақтандыру шарттары (бұдан әрі – сақтандыру шарты) бойынша республикалық бюджет (бұдан әрі – бюджет) қаражаты есебінен төленетін жыл сайынғы мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау, сондай-ақ білім беру жинақтау салымдары мен сақтандыру шарттары бойынша бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау үшін қолданылады.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) осы мән-жай туралы мәліметтерді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке хабарлайды және білім беру жинақтау салымы бойынша мынадай ақпаратты сұратады:
білім беру жинақтау салымы бойынша жарналардың жалпы сомасы;
білім беру жинақтау салымы бойынша қатысушы банк сыйақысының жалпы сомасы;
білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерінің сомасы;
білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жіберілген жалпы сома;
білім беру жинақтау салымы бойынша нақты жинақталған қалдық;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан сәтте білім беру жинақтау салымының бір бөлігі білім беру қызметтеріне ақы төлеуге пайдаланылған жағдайда бюджетке қайтарылатын білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
БҚМСс = НЖС х МСЖСс/ (МСЖСс+ ЖЖСс+ БСЖС+ББК+ТС)
мұндағы:
БҚМСс – білім беру жинақтау салымы бойынша бюджетке қайтарылатын мемлекет сыйлықақысы;
НЖС – білім беру жинақтау салымы бойынша нақты жинақталған қалдық;
МСЖСс – білім беру жинақтау салымы ашылған кезден бастап білім беру жинақтау салымы бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы;
ЖЖСс– білім беру жинақтау салымы бойынша жарналардың жалпы сомасы;
БСЖС – білім беру жинақтау салымы бойынша қатысушы банк сыйақысының жалпы сомасы;
ББК – есептелген бастапқы білім беру капиталының сомасы.»;
ТС – білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жиңақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерінің сомасы;»;
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оператор осы мән-жай туралы мәліметтерді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы сақтандыру ұйымына хабарлайды және сақтандыру шарты бойынша мынадай ақпаратты сұратады:
пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан сәтке дейін сақтандыру шарты бойынша білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жіберілген сақтандыру төлемдерінің сомасын есепке алғандағы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын), бастапқы білім беру капиталын, инвестициялық кірісті, өткен кезеңдерге есептелген мемлекет сыйлықақыларын қамтитын қайтару сәтіндегі сақтандыру шарты бойынша есептік сома;
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын), бастапқы білім беру капиталын, инвестициялық кірісті, өткен кезеңдерге есептелген мемлекет сыйлықақыларын қамтитын жинақтау мерзімінің соңындағы сақтандыру шарты бойынша есептік сома;
сақтандыру шарты жасалған сәттен бастап есептелген сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы;
білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерінің сомасы;».
2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.