Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 1 июля 2025 года № 150 «Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2025 - 2026 учебный год»

Қаулы · № 158 · қабылданған 22.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2025-no-150-2025-2026/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 1 июля 2025 года № 150 «Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2025 - 2026 учебный год» Қолданыста Қаулы ·№ 158 ·22.07.2025
22.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 1 июля 2025 года № 150 «Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2025 - 2026 учебный год»

Қолданыста Қаулы ·№ 158 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 1 июля 2025 года № 150 «Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2025 - 2026 учебный год»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 150 «2025 – 2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158
Қабылданған күні
22.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
04.08.2025
Көрсетілген редакция
22.07.2025 212925_768286.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25M000158A
ЭКБ идентификаторы
212925
Редакция идентификаторы
212925_768286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:09

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 1 шілдедегі

№ 150 «2025 – 2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 150 «2025 – 2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024–2025, 2025–2026, 2026–2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға қосымшадағы «қосымша» деген сөздің алдынан «1-» деген санмен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы «22» шілдедегі
№ 158 қаулысына 2-қосымша
2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
(резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Коды
Атауы
2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)
Жылына 1 дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
1
7R09
Денсаулық сақтау (медицина)
38
1 939,90
1 811,30

Қолданыстағы