1 адамға тәулігіне ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1 адамға тәулігіне ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- 1 адамға тәулігіне ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1406
- Қабылданған күні
- 30.11.2006
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2016 · қолданыстағы 30756_136966.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06MA000045
- ЭКБ идентификаторы
- 30756
- Редакция идентификаторы
- 30756_136966
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:37
0 1 адамға тәулігіне ащы, ыстық
және ауыз судың тұтыну
қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 400 қаулысына сәйкес және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтау қаласы бойынша есептегіш құралдары болмаған жағдайдағы ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптары (нормалары) № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары О.Д. Казахбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ Н. Дюсенов
30 қараша 2006 жылы.
4 Судың тәулігіне 1 адамға шығынының қалыптары:
Ақтау қаласы әкімдігінің
«30 » қараша 2006 жылы
№ 1406 қаулысына № 1 қосымша
1 адамға ащы, ыстық және ауыз судың шығынының есебі.
01.06.1986 жылғы СНжәнеЕ сәйкес судың 1 адамға шығынының есебі:
ванна ұзындығы 1500 мм және 1700 мм, душ, жуғыштармен және қол жуғыштармен жабдықталған, ыстық сумен қамтамасыз етілген, пәтер үлгісіндегі тұрғын-үй - 300 литр/тәулігіне, оның ішінде:
ыстық су – 120 литр/тәулігіне;
шаруашылық ауыз судың қажеттіліктеріне (300-120)=180 л/тәулігіне.
Ақтау қаласының жергілікті сумен қамтамасыз ету бойынша шаруашылық ауыз су екіге бөлінеді – ащы және ауыз су.
Статистикалық мәліметтер негізінде жеке есептегіш құралдармен жабдықталған пәтерлерде ащы және ауыз судың қолдану көлемі салқын судың қолдану көлемінің 2/1 қатынасымен анықталды.
Осыны қорыта қолдану мөлшері:
Ауыз су – 60 литр/тәулігіне;
Ащы су – 120 литр/тәулігіне;
Судың тәулігіне 1 адамға шығынының қалыптары:
Ауыз су – 60 литр/тәуілігіне;
Ащы су – 120 литр/ тәулігіне;
Ыстық су – 120 литр/тәулігіне.