Қолданыстағы ред. 22.04.2010 (Редакция AI52652_0.kaz)

Жалағаш кентіндегі 1 май көшесін қайта атау туралы от 22.04.2010 г. № 284 (Жалағаш кентіндегі 1 май көшесін қайта атау туралы)

0

Жалағаш кентіндегі 1 май көшесін қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық–кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 1 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:

1

1. Жалағаш кентіндегі 1 Май көшесі Мәдібай Байтөреевтың атындағы көше болып қайта аталсын.

2

2. Кент әкімінің орынбасары М. Ибраев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.