Об установлении субсидируемых видов биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, а также нормативы субсидий, на 1 грамм (штук) биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, приобретенных у поставщиков и отечественных производителей биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении субсидируемых видов биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, а также нормативы субсидий, на 1 грамм (штук) биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, приобретенных у поставщиков и отечественных производителей биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов
- Атауы (қаз.)
- Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 336
- Қабылданған күні
- 03.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2014 75818_175370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13U0002422
- ЭКБ идентификаторы
- 75818
- Редакция идентификаторы
- 75818_175370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:44
0 Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды)
және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормативін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 943 қаулысының 9-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі белгіленсін.
2 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
4 Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
3 желтоқсандағы № 336 қаулысына
қосымша
Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі
№
Субсидияланатын биоагенттердің түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидиялар нормалары, теңге
1
Трихограмма
Грамм
40
124,0
2
Габробракон
Дана
40
1,04
3
Алтынкөз
Дана
40
0,7