Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий (на 1 гектар) на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий (на 1 гектар) на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте
- Атауы (қаз.)
- Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 29.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2015 81798_97103.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14Z0003603
- ЭКБ идентификаторы
- 81798
- Редакция идентификаторы
- 81798_97103
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:59
0
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Белгіленсін:
1 1.
Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес.
2 2.
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1гектарға) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес.
3 3.
2013 жылғы 6 маусымдағы № 98 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидиялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3302 тіркелген, 2013 жылғы 4 және 6 шілдедегі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) облыс әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А .К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5 5.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2014 жылғы 29 шілде № 200
облыс әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша
басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№
Басым дақылдардың атауы
1
Жаздық бидай
2
Күздік бидай
3
Күздік қара бидай
4
Тары
5
Арпа
6
Сұлы
7
Қарақұмық
8
Дәнді-бұршақты дақылдар
9
Майлы дақылдар
10
Картоп
11
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп дақылдары
12
Көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)
13
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары
14
Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)
15
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында
16
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
17
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары
7 2014 жылғы 29 шілде № 200
облыс әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1гектарға)
№
Басым дақылдардың атауы
1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге
1
Жаздық бидай
300
2
Күздік бидай
400
3
Күздік қара бидай
400
4
Тары
400
5
Арпа
400
6
Сұлы
400
7
Қарақұмық
400
8
Дәнді-бұршақты дақылдар
400
9
Майлы дақылдар
5490
10
Картоп
15000
11
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп дақылдары
24000
12
Көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)
15000
13
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары
24000
14
Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)
4600
15
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында
9000
16
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
9000
17
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары
(1 дақыл айналым)
10560000