Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 10 1 257 82 00
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 10 1 257 82 00
- Атауы (қаз.)
- Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 10 1 257 82 00 бағдарламасы бойынша несиелеу туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 550
- Қабылданған күні
- 02.08.2000
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2000 9695_289975.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00T000335_
- ЭКБ идентификаторы
- 9695
- Редакция идентификаторы
- 9695_289975
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:20
0 Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді
10 1 257 82 00 бағдарламасы бойынша несиелеу туралы
Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы
әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 175 «2000-2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 8 ақпанда өткен № 17-13/И-205 АӨК қызметкерлерінің Республикалық мәжілісінің хаттамалық шешімін орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78-11 ЗРК «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 101 257 82 00 бағдарламасы бойынша несиелеу туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Нұршаев Е.) несие қарызын алушылармен жасалған ережелер мен несиелеу келісім шарттар талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері несиелеу» бағдарламасын қаржыландыруды облыстық бюджетке ескерілген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.
4. Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 наурыздағы №390 «2000 жылы облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін.
6 Облыс әкімінің
№_____ ___________ 2000 ж
шешімімен бекітілді
Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 10 1 257 82 00 бағдарламасы бойынша неиелеу Ережесі
1. Жалпы шарттар
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 175 «2000-2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 8 ақпанда өткен Агроөнеркәсіп қызметкерлерінің Республикалық мәжілісінің № 17-13/И-205 хаттамалық шешімін орындау мақсатында және Қазақстан РРРеспубликасының 2000 жылғы 5 шілдедегі №78-11 ЗРК «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес жасалды. Ол «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» 82 бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыны пайдаланудың негізгі шарттарын анықтайды.
2. Облыс әкімінің 1999 жылғы 29 желтоқсанындағы № 297 және 2000 жылғы 29 мамырдағы №472 шешімдерімен «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» 82 бағдарламасын жүзеге асыру үшін бағдарламаның Әкімгері болып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы белгіенді.
3. 82 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» бағдарламасының операторы облыс әкімінің 2000 жылғы 27 сәуірдегі № 457 шешімімен өкілетті органы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып жаңадан құрылған «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны белгіленеді.
4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу келісілген мерзімге оны бюджеттің табыс жағына қайтарылымы негізінде жүргізіледі.
5. Бағдарламаның операторы – «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны несие алушылармен белгіленген дәрежеде несиелік және кепілдік келісім-шарттар жасайды және бюджет қаржысының тиімді мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуде бағдарламаның Әкімгері мен облыстық бюджет алдында толық жауапкершілікте болады.