О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор аренды комплекса «Байконур» между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор аренды комплекса «Байконур» между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года
- Атауы (қаз.)
- 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54-VII
- Қабылданған күні
- 24.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2021 156586_531946.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2100000054
- ЭКБ идентификаторы
- 156586
- Редакция идентификаторы
- 156586_531946
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:47
0 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 9 қарашада Петропавлда жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр"
кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
"Байқоңыр" кешенін пайдалану тиімділігін арттырудағы өзара мүдделілікті растай отырып,
2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федераңиясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің 6-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап
Жалға беру мерзімі
"Байқоңыр" кешені 2050 жылға дейін жалға беріледі.".
2 2-бап
Осы Хаттама Шарттың 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2018 жылғы "9" қарашада Петропавл қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін