О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Азербайджанской Республикой о передаче лиц, осужденных к лишению свободы, для дальнейшего отбывания наказания от 10 июня 1997 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Азербайджанской Республикой о передаче лиц, осужденных к лишению свободы, для дальнейшего отбывания наказания от 10 июня 1997 года
- Атауы (қаз.)
- 1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 155-V
- Қабылданған күні
- 26.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2013 AI76202_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1300000155
- ЭКБ идентификаторы
- 76202
- Редакция идентификаторы
- AI76202_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:16
0 1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы
2007 жылғы 7 тамызда Астанада жасалған 1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1997 жылғы 31 маусымдағы
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы,
1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгеріс енгізуге уағдаласты:
1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «орталық органдар» - Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шешімді қабылдайтын мемлекеттік органдар».
Осы Хаттама Шарттың 23-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2007 жылдың 7 тамызда Астана қаласында, екі данада, әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттың мәтінін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.