О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года N 1903
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года N 1903
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 286
- Қабылданған күні
- 05.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2008 AI18876_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000286_
- ЭКБ идентификаторы
- 18876
- Редакция идентификаторы
- AI18876_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:23
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 116 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1
1. "Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
3-тармақтың 1) тармақшасында "бастауыш" және "орта" деген сөздерден кейiн "кәсiптiк" деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақта "2,45" деген сандар "3" деген санмен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттiк стипендия тағайындалады";
7-тармақта "студенттерге," деген сөзден кейiн "магистранттар мен оқушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
26-тармақта:
бірінші абзацта "магистранттарға," деген сөзден кейін "аспиранттарға, докторанттарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта "магистранттар" деген сөзден кейін ", аспиранттар, докторанттар" деген сөздермен толықтырылсын.