О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года № 282 "Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года № 282 "Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 19.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 AI102462_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1600000265
- ЭКБ идентификаторы
- 102462
- Редакция идентификаторы
- AI102462_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:05
0 "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:
5-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"құрамалар (шекара жасақтары, оның ішінде теңіз, шекаралық бақылау жасақтары, авиациялық базалар);";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен континенттік қайраң шегіндегі террористік көріністерге ден қояды;";
18-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын актілерден басқа, нормативтік құқықтық актілерді бекітуге;".