О внесении дополнений и изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2000 года N 378 и от 23 января 2002 года N 84
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2000 года N 378 и от 23 января 2002 года N 84
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 488
- Қабылданған күні
- 28.04.2004
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2009 AI19574_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000488_
- ЭКБ идентификаторы
- 19574
- Редакция идентификаторы
- AI19574_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:09
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiң-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
ескертудiң екiншi абзацы "әкелiнетiн тауарлардың мақсатты пайдаланылатыны туралы мiндеттеме кеден органына тапсырылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды.";
2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2008 N 1229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс.
5 Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 сәуірдегі
N 488 қаулысына
қосымша
4-қосымша
Кедендiк бақылау департаментiнiң
(кеденнiң) бастығына
________________________________
________________________________
Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме
Мен, _________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________,
(атауы, CTH-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не аты-жөнi
және лизинг берушiнiң паспорттық деректерi)
қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында
негiзгi құралдар ретiнде мыналарды әкелдiм:
NN _______________________________ кеден (-дiк) декларация (лар)ға
сәйкес ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тауарлардың атауы)
Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде олардың мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдалануға мiндеттенемiн.
Көрсетiлген тауарларды өзге мақсатта пайдаланған кезде, кезеңдiк рәсiмдеу кезiнде төлемеген __________ теңге мөлшерiндегi салықтар мен өсiмпұлдарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуге мiндеттенемiн.
Қолы _________/ _________ / Күнi 200__ жылғы "__" ________
📌 Ескерту. Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды салықтар мен өсiмпұлдарды төлемей өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан Pecпубликасының кеден және салық заңнамасына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып өндiрiп алынатын болады.