О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2000 года N 378 и от 23 января 2002 года N 84
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2000 года N 378 и от 23 января 2002 года N 84
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына өзгерістер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1258
- Қабылданған күні
- 03.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2009 AI22021_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040001258_
- ЭКБ идентификаторы
- 22021
- Редакция идентификаторы
- AI22021_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:27
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына өзгерістер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
ескертудің екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрі сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын;