О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года N 708 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность дошкольных и общеобразовательных организаций образования", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1216
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года N 708 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность дошкольных и общеобразовательных организаций образования", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1216
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1216 тiркелген "Жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгі бiлiм ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 708 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 713
- Қабылданған күні
- 02.10.2002
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2013 AI13661_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020002053_
- ЭКБ идентификаторы
- 13661
- Редакция идентификаторы
- AI13661_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:48
0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1216 тiркелген "Жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгі бiлiм ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 708 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.09.2013 № 375 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 708 бұйрығына (N 1216 тiркелген, толықтырулар енгiзумен 2001 жылғы 20.07. N 595 бұйрығымен бекiтiлген, N 1632 тiркелген, "Шығармашылық педагогика" журналының 2000 жылғы қыркүйектегi N 4 жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының интернаттық бiлiм беру ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы ережелерде:
1-тармақ "ұйымдары" деген сөзден кейiн "барлық түрi мен үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
3) тармақшада "кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi" деген сөздер "кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернат - тиiстi жалпы бiлiм беретiн мектебi жоқ елдi мекендерде тұратын балаларға орта бiлiм алу құқын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ аз қамсыздандырылған, көп балалы, қолайсыз отбасыларға балаларына жататын орын берiп, оларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек беретiн ұйым.".
4-тармақтағы 1) тармақша "жолымен" деген сөзден кейiн "өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген жекеменшiк, қоғамдық және дiни кәсiпорындар" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақ "ұйымының" деген сөзден кейiн "осы ережедегi 3-тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген ұйымдардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтағы "алты жасқа дейiн балаларды" деген сөздер алынып тасталсын;
25-тармақтағы "жарлықпен және" деген сөздер алынып тасталсын;
29-тармақта:
үшiншi абзацтағы "интернаттық ұйымының кеңесi, қамқоршы кеңес, жалпы жиналыс, педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес және басқа нысандар" деген сөздер "педагогикалық кеңес" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац "ұйымының" деген сөзден кейiн "(соның iшiнде мектеп жанындағы интернатпен)" деген сөздермен толықтырылсын.