О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года № 708 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность дошкольных и общеобразовательных организаций образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года № 708 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность дошкольных и общеобразовательных организаций образования"
- Атауы (қаз.)
- "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 716
- Қабылданған күні
- 15.11.2005
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2013 AI26085_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003966_
- ЭКБ идентификаторы
- 26085
- Редакция идентификаторы
- AI26085_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:14
0 "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің базасын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1216 тіркелген, N 1632 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 595 бұйрығына енгізілген толықтыруларымен; N 2053 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 713 бұйрығына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; N 2570 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 91 бұйрығына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы лицейлерінің қызметтерін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелерінде:
1-тармақтағы "жоғарғы сатысында" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Лицей жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11-сыныптарының базасында мынадай құрылымдар бойынша ұйымдастырылады:
бастауыш саты (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметінің негізгі іскерліктері мен дағдыларын игеруді, теориялық ойлаудың элементтерін, өзін-өзі бақылау дағдылары мен өзін-өзі түзетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабілеттерінің дәрежесін анықтауға бағытталған;
негізгі саты (негізгі мектептің 5-9 сыныптары) оқушының базалық дайындығымен қатар бейін алды дайындықты қамтамасыз ететін негізгі мектептің негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларын меңгерудің негізінде оқушының жеке басын қалыптастырудың шарттарын қамтамасыз етеді;
жоғарғы саты (10-11 сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушылардың жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
Лицейдің негізгі және жоғарғы сатылары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істейді.";
бірінші абзацтың 11-тармағындағы "жалпы орта білім берудің негізгі сатысын аяқтаған" деген сөздер алынып тасталсын.