Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1297

Қаулы · № 315 · қабылданған 08.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2002-n-1297/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1297 Күшін жойған Қаулы ·№ 315 ·08.04.2005
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1297

Күшін жойған Қаулы ·№ 315 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1297
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
315
Қабылданған күні
08.04.2005
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI23472_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000315_
ЭКБ идентификаторы
23472
Редакция идентификаторы
AI23472_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:55

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 441-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келісу және бекiту ережесiнде:
кіріспеде:
"Конституциялық заңына," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне ," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Мемлекеттiк кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын;
", Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына " деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Кәсiпорындардың мемлекеттiк бюджетке аударуға жататын таза табысының бiр бөлiгiн есептеу меншiк капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе егер Кәсiпорын меншiк капиталының мөлшері мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табыстың бiр бөлiгiне жүргiзiлген есептеу нәтижесiнде терiс болса жүргiзiлмейдi.";
6-тармақтағы "қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептiң деректерi және бухгалтерлiк теңгерiм" деген сөздер "есептi кезең үшiн кiрiстер мен шығыстар туралы есеп деректерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі бекiтетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтағы "әкiмшiлiк" деген сөз алынып тасталсын;
10-тармақтағы "Қаржылық бақылау" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жолдың 2-бағаны "әлеуметтiк қорғау" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағаны "; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 8-жолдың 2-бағаны "кадастрды" деген сөз "және жер кадастрларын, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы