О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 10 июня 2002 года N 87 "Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 10 июня 2002 года N 87 "Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 87 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 13.06.2005
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2010 AI24420_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003678_
- ЭКБ идентификаторы
- 24420
- Редакция идентификаторы
- AI24420_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:37
0 "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 87 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1882 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықта:
30-тармақтың 7-абзацында "нұсқаманың негізінде," деген сөздерден кейін "қосымшаның тізіліміне сәйкес және" деген сөздермен толықтырылсын;
Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құруға құқығы бар әділет органдары қызметкерлерінің тізілімімен толықтырылсын.
2 2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құруға құқығы бар әділет органдары қызметкерлерінің тізілімі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2005 жылғы 13 маусымдағы
N 152 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
әділет органдарының
әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істердің өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құруға құқығы бар әділет органдары қызметкерлерінің тізілімі
1 1. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, директордың орынбасары, басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары.
2 2. Зияткерлік меншік құқығын қорғау комитетінің басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары.
3 3. Тіркеу қызметі комитетінің басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары;
4 4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары Әділет департаменті бастықтарының орынбасарлары.
5
5. Облыстық, Астана және Алматы қалалары Әділет департаменттерінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімдерінің бастықтары, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімдерінің бастықтары және бас мамандары, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, зияткерлік меншік құқығы, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімдерінің бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары, және мамандары.