О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 47, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 9 декабря 2002 года № 217, Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 октября 2002 года № 351-1, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 января 2003 года № 34, Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 января 2003 года № 3 "Об утвержде
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 47, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 9 декабря 2002 года № 217, Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 октября 2002 года № 351-1, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 января 2003 года № 34, Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 января 2003 года № 3 "Об утвержде
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 15.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2017 AI17109_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002507_
- ЭКБ идентификаторы
- 17109
- Редакция идентификаторы
- AI17109_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:57
0
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 351-1, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда N 2174 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358 қаулысын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде автокөлік құралдарына бақылау жүргізуді реттеу және халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Бұйырамыз:
1
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 351-1, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда N 2174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 16, 843-құжат) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимылдың және бақылаушы органдарды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі барлық бақылаушы органдар Бірыңғай бақылау-өткізу пункттері салынғанға дейін кеден органдарының ғимаратында болуы тиіс.";
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жол жүретін көлік құралдарын бақылауды бақылаушы органдар өткізу пунктінде "бірыңғай аялдама" принципі бойынша жүзеге асырады". Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік бақылаудың тиісті түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының аумағына кіру кезінде:
шекаралық бақылау органдары;
көліктік бақылау органдары;
мал дәрігерлік-фитосанитарлық бақылау органдары;
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
кеден органдары;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан шығу кезінде:
көліктік бақылау органдары;
мал дәрігерлік-фитосанитарлық бақылау органдары;
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
кеден органдары;
шекаралық бақылау органдары жүйелі түрде жүзеге асырады.
Автобомильдік өткізу пункттерінде әрбір келесі орган бақылауды тек алдыңғы орган бақылауды толық аяқтағаннан кейін жүргізеді.";
3) 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Өткізу пункттерінде орналасқан кеден органдары өткізу пункттері арқылы өткен автокөлік құралдарының саны бойынша бақылаушы органдармен салыстыру жүргізсін және тиісті журналдар арнасын.".
2 2. Көрсетілген министрліктер мен ведомстволар ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді осы бұйрыққа сәйкес келтірсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау агенттігінің
төрағасы