Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681

Қаулы · № 343 · қабылданған 15.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2003-n-681-ekb-38880/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681 Күшін жойған Қаулы ·№ 343 ·15.04.2008
25.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681

Күшін жойған Қаулы ·№ 343 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
343
Қабылданған күні
15.04.2008
Көрсетілген редакция
25.03.2011 AI38880_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000343_
ЭКБ идентификаторы
38880
Редакция идентификаторы
AI38880_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:38

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда, кеден қоймасының кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, тауарлардың кері экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде, еркін қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулерде, тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға арналған шектеулерде:
"ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды" деген бағанда "ЕурАзЭҚ" деген сөз "ҚР" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмір 16-жолмен толықтырылсын:
"16 бидай және меслин 1001***";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"*** 2008 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда қызметін реттеу жөнінде қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреттері шегінде бидай ұнының немесе бидай-қара бидай ұнының (ҚР СЭҚ ТН коды 1101 00) экспортын бақылауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы