Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681

Қаулы · № 448 · қабылданған 13.05.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2003-n-681-ekb-39515/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681 Күшін жойған Қаулы ·№ 448 ·13.05.2008
25.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681

Күшін жойған Қаулы ·№ 448 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
448
Қабылданған күні
13.05.2008
Көрсетілген редакция
25.03.2011 AI39515_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000448_
ЭКБ идентификаторы
39515
Редакция идентификаторы
AI39515_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:29

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
"17 күріш 1006****";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"**** 2008 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданылады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда қызметін реттеу жөнінде қабылдайтын шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің хатшылығына хабарласын.

4

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреттері шегінде күрішті (ҚР СЭҚ ТН коды 1006) экспортқа шығаруды бақылауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы