О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 748
- Қабылданған күні
- 15.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2011 AI41169_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000748_
- ЭКБ идентификаторы
- 41169
- Редакция идентификаторы
- AI41169_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:58
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі:
1 1) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20-жолдармен толықтырылсын:
"18 құрамында 1,5 мас. %-дан аспайтын майы бар ұнтақ, түйіршікті немесе басқа да қатты түрдегі сүт және кілегей 0402 10*****;
19 құрамында 1,5 мас. %-дан асатын майы бар ұнтақ, түйіршікті немесе басқа да қатты түрдегі сүт және кілегей 0402 21*****;
20 сүт және кілегей өзгелері 0402 29*****";
2 2) мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"***** 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде сыртқы сауда қызметін реттеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің хатшылығын хабардар етсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде ұнтақ, түйіршікті немесе басқа да қатты түрдегі сүттің және кілегейдің (ҚР СЭҚ ТН коды 0402 10, 0402 21, 0402 29) экспортын бақылауды қамтамасыз етсін.