О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 15 "Об утверждении Правил присвоения ученых званий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 15 "Об утверждении Правил присвоения ученых званий"
- Атауы (қаз.)
- "Ғылыми атақтар беру ережелелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 02.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2011 AI23546_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003543_
- ЭКБ идентификаторы
- 23546
- Редакция идентификаторы
- AI23546_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:05
0 "Ғылыми атақтар беру ережелелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңының 1 бабының 18 тармағындағы 13) тармақшасына сәйкес және жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. (N 2140 тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 15, 841 б.), "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар беру ережелерінде:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдардың қызметкерлеріне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерінің ұсынысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төралқасының және Алқасының шешімдері негізінде Комитет береді.";
барлық мәтіндегі "ЖАК" сөзі тиісті септікте "Комитет" сөзімен ауыстырылсын;
5 тармақтың 3) тармақшасындағы "төрт" сөзі "үш" сөзімен ауыстырылсын.