О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 16 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за № 2141
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 16 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за № 2141
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2141 тіркелген "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 01.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2011 AI18828_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002724_
- ЭКБ идентификаторы
- 18828
- Редакция идентификаторы
- AI18828_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:24
0 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2141 тіркелген "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ғылыми дәрежелерді ізденушілерге, диссертация қорғау рәсіміне және дипломдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды реттеу мақсатында Бұйырамын :
1
1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына (Әділет министрлігінде N 2141 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15, 842-бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:
1 1) "2. Диссертацияларға және ізденушілерге қойылатын талаптар тарауында:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 5-абзацпен толықтырылсын:
"Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденуші ғылым саласы бойынша (мамандықтар тобын ескере отырып) орындайтын диссертациясының бейініне сәйкес келмейтін болса, диссертациясының мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруы тиіс, ал кәсіптік жоғары білімі бар ізденуші орындалатын докторлық диссертациясының бейініне сай келмесе тиісті ғылым саласының жалпы курсы бойынша кандидаттық емтихан тапсырады;
2 2) "3. Диссертацияларды қорғауға ұсыну және қорғау тарауында:
22-тармақта:
бірінші абзацтағы«"тиісті мамандықтың"»деген сөздер "тиісті мамандық пен ғылым саласының"»деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтағы "тиісті мамандық"»деген сөздер "тиісті мамандық пен ғылым саласы"»деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) "5. Дипломдарды ресімдеу және беру бөлімінде:
42-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесін беру туралы шешім оны ЖАК қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді";
44-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылым докторы және кандидаты дипломдарын ЖАК ресімдейді және береді";
екінші абзацтағы "береді" сөзі "береді" сөзімен ауыстырылсын.