О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 16 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней", зарегистрированный за № 2141
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 16 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней", зарегистрированный за № 2141
- Атауы (қаз.)
- N 2141 тіркелген "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 535
- Қабылданған күні
- 08.06.2004
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2011 AI20234_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002906_
- ЭКБ идентификаторы
- 20234
- Редакция идентификаторы
- AI20234_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:01
0 N 2141 тіркелген "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Кандидаттық емтихандарды өткізу рәсімдерін және диссертацияларды алдын ала сарапталуды реттеу мақсатында бұйырамын:
1
1. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2141 тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15, 842-б.) "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:
13-тармағының бірінші абзацында "белгіленген тізім" сөздері "ғылым тарихы мен философиясы (салалары бойынша), қазақ тілі, шет тілі, арнаулы пән (мамандығы)" сөздерімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібін ЖАК белгілейді.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Диссертация орындалған немесе ізденуші бекітілген ұйымда алдын ала диссертацияны сараптамадан өткізу тәртібін ЖАК белгілейді";
46-тармақта "(шағын кәсіпорындар, қоғамдық академиялар, академияаралық комиссиялар және т.б.)" деген сөздер алынып тасталсын.