О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года № 681
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года № 681
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 16.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2011 AI44221_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000155_
- ЭКБ идентификаторы
- 44221
- Редакция идентификаторы
- AI44221_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:46
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда :
1-тармақтың ескертпесі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі үшін шетел компаниялары қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жасайтын тауарларды "еркін қойма" кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.".