Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2004 года N 1303

Қаулы · № 715 · қабылданған 20.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2004-n-1303/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2004 года N 1303 Күшін жойған Қаулы ·№ 715 ·20.08.2007
31.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2004 года N 1303

Күшін жойған Қаулы ·№ 715 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2004 года N 1303
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсанындағы N 1303 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
715
Қабылданған күні
20.08.2007
Көрсетілген редакция
31.12.2008 AI34793_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000715_
ЭКБ идентификаторы
34793
Редакция идентификаторы
AI34793_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:08

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсанындағы N 1303 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және

олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік
органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1303  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген салыққа жатпайтын түсімдерді
өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын
уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін
ақша түсімдері";
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша
түсімдері";
реттік нөмірі 10-жолдың 3-бағанының бірінші және төртінші
абзацтары алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық
меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекеттің пайдасына
бас тарту кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік
құралдарын сатудан түсетін түсімдер";
реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанының жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жолдың 3-бағанының он төртінші және он бесінші абзацтары алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа

енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қолданыстағы