О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 марта 2004 года № 113-1 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 марта 2004 года № 113-1 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"
- Атауы (қаз.)
- "Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 262
- Қабылданған күні
- 03.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2011 AI53680_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006342_
- ЭКБ идентификаторы
- 53680
- Редакция идентификаторы
- AI53680_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:03
0 "Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2809 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:
36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36-1. Такси сыртқы екі бүйірі бойынша шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан құралған белдеумен мынадай өлшемде ресімделеді:
биіктігі – 30 сантиметр;
ұзындығы – 100 сантиметрден кем емес.»
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
С.Н. Баймағанбетов _________
2010 жылғы 21 маусым
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Ж.А. Досқалиев ____________
2010 жылғы 4 маусым