О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 10 марта 2004 года № А-3/71 "Об утверждении Правил по организации "Молодежной практики" в Акмолинской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 10 марта 2004 года № А-3/71 "Об утверждении Правил по организации "Молодежной практики" в Акмолинской области"
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № А-3/71 "Ақмола облысында "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/43
- Қабылданған күні
- 24.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2009 26668_173723.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06B0003180
- ЭКБ идентификаторы
- 26668
- Редакция идентификаторы
- 26668_173723
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:59
0 Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № А-3/71 "Ақмола облысында "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын орындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № А-3/71 "Ақмола облысында "Жастардың іс-тәжірибесін»ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда № 2364 болып тіркелген, 2004 жылғы 18 мамырдағы № 56 "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ келесі мазмұнды жаңа редакцияда берілсін:
"Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін";
Осы қаулымен бекітілген "Жастардың іс-тәжірибесін"» ұйымдастыру Ережесінде:
1, 5 тармақтардағы "жұмыспен қамту мәселелері бойынша (жұмыспен қамту орталығы) сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»(бұдан әрі уәкілетті орган)"»сөздерімен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "Жұмыспен қамту орталығы" деген сөздер "Уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;
11-тармақ келесі редакцияда берілсін:
"11. Жұмыссыздарды жастар іс-тәжірибесіне алуға келісім берген жұмыс берушімен Уәкілетті орган осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес шарт жасайды. Жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және Жастар іс-тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білім алып, кәсібіне сәйкес дағдылануын қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі. Шарттың ең аз мерзімі - үш ай";
жоғарыда көрсетілген Ереженің - 1 қосымшасында:
2-тармақтың 2.2.1. тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
"Жұмыссыздардың іс-тәжірибеден өтуі үшін олардың оқу орнын аяқтағаны туралы құжаттарына сәйкес жұмыс орнын беру".