Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2004 года № 55-I "Об утверждении Положения о капитане морского порта"

Бұйрық · № 756 · қабылданған 27.09.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2004-no-55-i-ekb-75052/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2004 года № 55-I "Об утверждении Положения о капитане морского порта" Қолданыста Бұйрық ·№ 756 ·27.09.2013
27.09.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2004 года № 55-I "Об утверждении Положения о капитане морского порта"

Қолданыста Бұйрық ·№ 756 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2004 года № 55-I "Об утверждении Положения о капитане морского порта"
Атауы (қаз.)
"Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
756
Қабылданған күні
27.09.2013
Көрсетілген редакция
27.09.2013 AI75052_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008843
ЭКБ идентификаторы
75052
Редакция идентификаторы
AI75052_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:12

0 "Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағына және 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ереженің:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Теңіз портының капитаны лауазымына арнаулы жоғары білімі, капитан дипломы және сауда мақсатында теңізде жүзу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.»;
8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеменің теңіз портынан шығуына мына жағдайларда:
кеменің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында;
тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменің жүзу қауіпсіздігіне, кемедегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да кемшіліктер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қауіпі болғанда;
кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;
тиісті мемлекеттік органдардың (кеден, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) нұсқамасы болғанда;
теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады;».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелуі туралы және бұқаралық ақпарат құралында жариялануға жіберілуі туралы мәліметтерді Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы