О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 ноября 2005 года № 344-I "Об утверждении Перечня грузов, подлежащих сопровождению военизированной охраной при перевозке железнодорожным транспортом"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 ноября 2005 года № 344-I "Об утверждении Перечня грузов, подлежащих сопровождению военизированной охраной при перевозке железнодорожным транспортом"
- Атауы (қаз.)
- "Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 508
- Қабылданған күні
- 01.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2013 AI73739_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008577
- ЭКБ идентификаторы
- 73739
- Редакция идентификаторы
- AI73739_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:51
0 "Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2001 жылғы 8 желтоқсаннаң «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239 (973) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесінде:
32–жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
32.
Минералдық отын, мұнай және олардан айырып алынатын өнімдер; битуминозды заттар; минералды балауыздар
27012000 тен 27090000 дейін
27110000 тен 27490000 дейін
Барлық атауы
».