О внесении изменений в постановление акимата района от 10 февраля 2005 года № 48 "Об утверждении Правил предоставления социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 10 февраля 2005 года № 48 "Об утверждении Правил предоставления социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны"
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктерді көрсету Ережелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 31.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2010 39123_205381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SJ000069
- ЭКБ идентификаторы
- 39123
- Редакция идентификаторы
- 39123_205381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:46
0 Аудан әкімдігінің "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктерді көрсету Ережелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына 1-тармағына 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік корғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Мамлют аудандық мәслихат сессиясының «2008 жылға аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 5/2 шешіміне (нормативтік–құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-56 2008 жылғы 23 қаңтарынан, 2008 жылғы 8 ақпандағы № 8 «Знамя труда» газетінде жарияланған) сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктер көрсету Ережелерін бекіту туралы» (2005 жылғы 22 ақпандағы № 1496 нормативтік–құқықтық актілерді мемлеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2005 жылғы 18 наурыздағы № 12 «Знамя труда» газетінде жарияланған) 2005 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысына төмендегі өзгертулер енгізілсін:
Қаулымен бекітілген Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктерді көрсету Ережелерін бекіту туралы:
1-3 тармағымен төмендегі мазмұнда толықтырылсын:
«3-1. Әр Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен қатысушыға Республикалық және жергілікті кезекті басылымдарға жазылуға материалдық көмек республикалық және жергілікті кезекті басылымдарға жазылу кезінде жазылу бағасының мөлшерінде анықталды».
«3-2.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне аудандық бюджетпен бекітілген қаржы бөлу шегінде 10000 (он мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалсын».