О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 «О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 «О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 572
- Қабылданған күні
- 13.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2021 155921_523907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2100000572
- ЭКБ идентификаторы
- 155921
- Редакция идентификаторы
- 155921_523907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:08
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.»;
17-тармақтағы жетінші және он үшінші абзацтар алып тасталсын;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Ішкі істер органдары:
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан;
егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса;
шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде оның өз еркімен ырық білдіруі бойынша;
адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.
29. Шет елдердегі мекемелер:
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан;
егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса;
шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде оның өз еркімен ырық білдіруі бойынша;
адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.».